11 тақырып. ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ
Сабақтың
мақсаты:
Жанама
гемагглютинация
(ЖГАР)
және
гемагглютинацияны тежеу (ГАТР) реакцияларының қойылым жолдарын
меңгеру; эритроцитарлық диагностикумдарды дайындау әдістерімен танысу;
ЖГАР және ГАТР антиденелердің титрлерін анықтау әдістерін үйрену.
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі
Эритроцитарлық
антигендік диагностикум; зерттеуге алынған қан
сарысулары; ГАБ жұмыс титріндегі Нъюкасл ауруы вирусының вакциналық
штамы; Нъюкасл ауруы вирусының вакциналық штамымен иммунделген қоян
қан сарысуы; әтештің 1,0%-ды эритроциттерінің суспензиясы; иммунологиялық
планшеттер;
физиологиялық ерітінді; дистильденген су; бір реттік
қолданылатын ұштамалары бар бір
каналды механикалық дозаторлар; шығын
материалдары.
Жанама гемагглютинация реакциясында (ЖГАР)
антигендік немесе
антиденелік эритроцитарлық диагностикумдар қолданылады. Аталмыш
реакцияда эритроциттер алдын ала вирустық антигенмен немесе телімді
антиденелермен адсорбцияланады. Антигендік эритроцитарлық диагностикум
зерттеуге алынған қан сарысуларының құрамынан
вирусқа қарсы телімді
антиденелерді анықтауға, ал антиденелік эритроцитарлық диагностикум болса
биологиялық материалдардың құрамынан
вирустардың гомологиялық
антигендерін анықтауға негізделген.
Реакция нәтижесін телімді ақуыздар (АГ немесе АД) адсорбцияланған
эритроциттердің агглютинациясын визуальды қарау арқылы есепке алады.
ЖГАР оң (позитивті) нәтижесінде түтік түбінде «төңкерілген шырша» тәрізді
жайылған тұнба пайда болады, теріс (негативті) нәтижеде «түйме» тәрізді тұнба
түзіледі.
ЖГАР-ын ГАР-нан ажырата білген жөн. Өйткені ГАР-да эритроциттердің
рецепторлары
вирустардың
гемагглютинациялаушы
ақуыздарымен
(гемагглютининдер) агглютинацияланса (25-сурет), ЖГАР-да АГ-АД кешендері
арқылы әрекеттеседі (26-сурет).
Эритроциттер
Вирустық
антигендер
Эритроциттердің
агглютинациясы
Достарыңызбен бөлісу: