28-сурет. Петри шынысындағы
ДПР
29-сурет. Шұңқыршалар жасауға
арналған матрица (трафарет)
Телімді преципитаттың пайда болуына зерттеуге алынған антигендер мен
антиденелердің концентрациялары, ортаңғы және шеткі шұңқыршалардың ара
қашықтықтары маңызды роль атқарады. Сондықтан, алдын ала зерттеулер
жүргізу арқылы реагенттердің концентрациялары мен шұңқыршалардың ара
қашықтықтарын анықтап алған жөн. Агар құйылған шыны бетіндегі
шұңқыршалардың саны мен олардың орналасуы жүргізілетін зерттеу
жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Зерттеуде қолданылатын
ингредиенттердің мөлшері 0,02 мл құрайды. Егер преципитациялаушы қан
сарысуының белсенділігін анықтау керек болса, онда ортаңғы шұңқыршаға
белгілі антигенді құйып, перифериялық шұңқыршаларға қан сарысуларының
түрлі сұйылтымдарын үлестіреді. Телімсіз преципитацияның алдын алу үшін
бақылау (белгілі антигендер мен сау мал қан сарысулары) қойылады.
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 ДПР қойылым жолдарын
демонстрациялау; 4 Студенттердің өзіндік жұмыстары (1% агар немесе агароза
ерітіндісін дайындау, Петри шынылары мен фотопластиналардың (зат
шыныларының) беткейіне балқытылған 1% агар немесе агароза гелін құйып,
қатыру, трафарет көмегімен агар немесе агароза гелінде шұңқыршалар жасау,
шұңқыршаларға реакция компоненттерін енгізу, 24-48 сағаттан соң ДПР
нәтижелерін есепке алу); 4 Сабақты қорытындылау. 5 Келесі сабаққа тапсырма
беріледі.
Бақылау сұрақтары: 1 Диффузиялық преципитация реакциясының
принципі қандай? 2 Диффузиялы преципитация реакцияларының қойылым
жолдары. 3 ДПР артықшылығы мен кемшілігі қандай?
|