Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


ИФТ-дың «жанама» қойылымы



Pdf көрінісі
бет123/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146
вирус

ИФТ-дың «жанама» қойылымы. Иммунды ферменттік талдаудың 
«жанама» қойылымы зерттеуге алынған биологиялық материалдардың 
құрамынан белгілі бір антигенге телімді антиденелерді анықтауға негізделген. 
Бұл әдісте пайда болған «антиген+антидене» кешені ферментпен таңбаланған 
анти-антиденелердің көмегімен анықталады. Бұл әдістің қойылу жолдары 
келесі тәртіппен жүргізіледі (34-сурет).
Әуелі қатты фаза антигенмен бекітіледі (1). 
Сонан соң қатты фазаны зерттеуге алынған үлгімен 
өңдеп (2), антигенмен байланысқа 
түспеген 
антиденелердің артық мөлшерін шайып жібереді. 
Пайда болған «антиген+антидене» кешенін анықтау 
мақсатында қатты фазаны ферментпен таңбаланған 
анти-антиденелермен (конъюгатпен) түйістіреді (3). 
Келесі кезеңде конъюгаттың артық мөлшері 
шайылып, 
пайда 
болған 
«антиген+антидене+конъюгат» кешенін анықтау 
үшін ферменттің субстраты іске қосылады (4). Қатты 
фазада фермент болғанда, яғни реакция оң нәтиже 
көрсеткен жағдайда (ол тек зерттеуге алынған 
үлгілердің 
құрамында 
антигенге 
телімді 
антиденелердің барында ғана қатты фазадан 
шайылмай қалады) субстрат ыдырауға ұшырап
хромогеннің сұйықтықты бояуына себепкер болады. 
Ал зерттеуге алынған үлгілерде телімді антиденелер 
болмаса, конъюгат шайылып кетеді де, субстрат 
сұйықтығы өзгеріске ұшырамай түссіз күйінде 
қалады (теріс нәтиже). Субстраттың ыдырауы тоқтатылып, реакция нәтижелері 
фотоколориметриялық әдіспен немесе аспапсыз көзбен қарау арқылы 
анықталады. 
ИФТ-дың «сэндвич» қойылымы. Аталмыш тәсіл зерттеуге алынған 
үлгілердің құрамынан антигендер мен антиденелерді анықтауға бағытталған.
Антигенді анықтау мақсатында қатты фаза алғашқы антиденелермен 
(телімді поликлоналды немесе моноклоналды антиденелер) адсорбцияланады. 
Сонан соң шайылған қатты фазаға зерттеуге алынған материалдар мен бақылау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет