Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет113/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146
вирус

 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ 
тақырыбы 
бойынша 
оқытушының 
түсіндіруі; 

Әдістерді 
демонстрациялау (ГАР арналған диагностикалық жиынтықты, ГАР қойылым 
жолдарын); 4 Студенттердің өзіндік жұмыстары (ЖГАР және ГАТР қою, ЖГАР 
және ГАТР нәтижелерін есепке алу, қан сарысуының құрамындағы 
антиденелердің титрін анықтау); 5 Сабақты қорытындылау. 6 Келесі сабаққа 
тапсырма беріледі. 
Бақылау сұрақтары: 1 Жанама гемагглютинация (ЖГАР) және 
гемагглютинацияны тежеу (ГАТР) реакцияларының принциптері қандай? 2 
ГАР-ның жанама қойылымының тікелей қойылымынан айырмашылығы 
қандай? 3 Қан сарысуы құрамынан антиденелердің титрлерін антықтауға 
арналған ЖГАР әдісінің маңызы неде? 4 ЖГАР-ның артықшылығы мен 
кемшілігі. 5 ГАТР көмегімен қандай вирустарды анықтауға болады? 6 ГАТР 


қажетті қан сарысуды қалай дайындайды? 7 ГАТР-да қан сарысуын титрлеу 
әдісі қандай? Қан сарысуының титрі деп нені айтады? 8 Неліктен ГАТР 
экспресс-әдістер қатарына жатқызылмайды? 
12 тақырып. ДИФФУЗИЯЛЫҚ ПРЕЦИПИТАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ 
 
Сабақтың мақсаты: Диффузиялық преципитация реакциясының 
принциптерімен танысу; реакцияны қою әдістерін меңгеру. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: майсыздандырылған Петри 
шынылары; Пастер түтікшесі; майсыздандырылған, таза, сызаттары жоқ
беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары; шұңқыршықтар жасауға 
арналған матрица (трафарет); агар немесе агароза ұнтағы; 0,25% калий хлориді 
мен консервант ретіндегі мертиоляттан тұратын физиологиялық ерітінді; 
позитивті және негативті қан сарысулары; антигендер; бір каналды 
механикалық дозаторлар; дозаторларға арналған ұштамалар (200,0-1000,0); 
дезинфекциялағыш ерітіндісі бар ыдыс. 
 
Диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) немесе иммундық 
диффузия реакциясы (ИДР) антиген мен антидене молекулаларының агар гелі 
молекулалары арасында диффузиялану қабілетіне негізделген. Егер антиген 
мен антидене бір-біріне үйлесімді болса, онда олар бір-бірімен байланысып 
(агтиген+антидене кешені), преципитат түзеді. Реакция нәтижесі тек визуалды 
түрде анықталады, реакция оң болған жағдайда агар гелінде ақ түсті 
преципитация сызығы пайда болады (27-сурет). ДПР ветеринария 
тәжірибесінде құтыру, ірі қара лейкозы, Марек ауруы, жылқының жұқпалы 
анемиясы және т.б ауруларының балауында қолданылады. Реакцияның 
қойылым жолдары өте қарапайым және стерильді жағдайды қажет етпейді. 
Аталмыш реакцияның сезімталдығы төмендеу болғандықтан, ондағы 
қолданылатын телімді антигендер мен антиденелердің концентрацияларының 
айтарлықтай жоғары болуы шарт.
ДПР бөлме температурасында (+18° – 
+22°С) немесе тоңазытқышта (+2° – +4°С) 
және сирек жағдайда термостатта (+37ºС) 
қойылады. 
Температура 
жағдайларына 
байланысты диффузия жылдамдығы және 
преципитация сызығының пайда болуы 
уақытына қарай реакция өзгеріске ұшырайды. 
Сондықтан, реакцияны міндетті түрде бір 
қалыпты температурада қою қажет, себебі 
температура 
күрт 
өзгергенде 
қосымша 
преципитация сызығы пайда болып, жалған 
нәтиже беруі мүмкін. 
Диффузиялық 
преципитация 
реакциясының негізгі компоненті болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет