15 тақырып. ИММУНДЫ ФЕРМЕНТТІК ТАЛДАУ
Сабақтың мақсаты: Иммунды ферменттік талдаудың (ИФТ) әр түрлі
қойылым жолдарының принциптерімен танысу. Иммунды ферменттік
талдаудың әр түрлі қойылым әдістерін меңгеру.
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: Концентрациясы
белгілі
антиген ерітіндісі. Позитивті және негативті қан сарысулары. Зерттеуге
алынған қан сарысулары. Конъюгат. 1% сиыр қан сарысуының альбумині. 0,1
М фосфатты тұз ерітіндісі (рН 7,4). 0,05 М карбонат-бикарбонатты буферлі
ерітіндісі (рН 9,6). 0,15 М цитратты буферлі ерітінді (рН 5,0). Твин-20.
Хромоген. Сутегінің асқын тотығы (Н
2
О
2
).
Стоп-реагент. Автоматты дозаторлар
(0,005-1,0 мл) және оларға арналған ұштамалар.
Шыны және пластикті
зертханалық ыдыстар. 96-шұқыршықты планшеттер. Планшеттерді жуып
шаюға арналған автоматтандырылған аппарат. Спектрофотометр. Тоңазытқыш.
Термостат.
ИФТ тәсілі антиденелер мен антигендерді ферментпен таңбаланған
антиденелердің (конъюгат) көмегімен анықтауға арналған, сезімталдылығы мен
телімділігі жоғары, қойылым жолдары қарапайым реакция. ИФТ өзінің қолдану
принциптерінің айырмашылықтарына қарай «гетерогенді» (қатты фазалы) және
гомогенді болып екі топқа бөлінеді.
ИФТ-дың «гетерогенді» қойылымы (
ELISA– Enzyme linked immunosorbent
assay) ерімейтін заттарға (целлюлоза, сефароза, сефадекс, биогель,
кеуекті
шыны, ацетатты және нитроцеллюлозалық сүзгілер, т.б.) бекітілген антигендер
мен антиденелерді қолдануға негізделген.
Кейінгі
уақытта
антигендер
мен
антиденелерді
полистиролды
шұңқыршықтар мен шыны түтіктердің беткейіне физикалық адсорбция арқылы
бекіту тәсілі кең таралған. ИФТ-дың «гетерогенді» қойылымы иммунды
кешенді (ферментпен таңбаланған зат + байланыстырушы объект) бос
таңбаланған қоспалардан ажырату сатысын міндетті түрде қажет етеді. ИФТ-
дың бұл қойылымын тікелей (гомологиялық антигендерге қарсы таңбаланған
антиденелерді қолдану) және жанама (зерттеуге алынған иммуноглобулиндерге
қарсы ферментпен таңбаланған антиденелерді қолдану) қойылымдарымен
жүргізуге болады. ИФТ-дың тікелей әдісіне
көптеген антигендерге қарсы
ферментпен таңбаланған антиденелерді дайындау керек болса, ал оның жанама
қойылымында
кез
келген
жағдайда
белгілі
бір
жануардың
иммуноглобулиндеріне қарсы ферментпен таңбаланған антиденелер ғана қажет.
ИФТ-дың «гомогенді» қойылымында (
EMIT– Enzyme multiplied immunotest)
антиген
ферментпен
таңбаланады.
Бұл
қойылымның
реакциялары
антиденелердің таңбаланған антигендерімен әрекеттесуі кезінде кейінгілердің
ферменттік белсенділігінің әлсіреу феноменіне негізделген.
Медицина мен ауыл шаруашылығы саласында ИФТ-дың «гетерогенді»
қойылымдары қолдау тауып отыр. Олар ИФТ-дың «гомогендік» варианттарына
қарағанда жеңіл орындалады және қолайлырақ келеді. Қазіргі кезде қатты
фазалы ИФТ-дың «жанама» және «сэндвич»
қойылымдары жануарлар мен
адамдардың, сонымен қатар өсімдіктердің вирустық ауруларын балауда кеңінен
колданылуда. Бұл тәсілдер өздерінің сезімталдылығы мен телімділігі жағынан
кейбір серологиялық және вирусологиялық реакциялардан асып түседі.
Ветеринария тәжірибесінде ИФТ мал шаруашылығына өте үлкен
экономикалық зиян келтіретін аса қауіпті вирустық ауруларды дер кезінде
анықтау, мал өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық-санитарлық сараптау
үшін
қолдануға
мүмкіндік
береді.
Сонымен
қатар
малдардың
иммунобиологиялық күйін бақылау, вакциналар мен емдік қан сарысуларының
тиімділігін анықтау жұмыстарында және басқа
зерттеулерде маңызды роль
атқармақ. Қорыта айтқанда, ИФТ келешекте зертханалық және клиникалық
зерттеулерге арналған иммунохимиялық талдаулардың
ішіндегі ең басты
тәсілдердің бірі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: