Барлық шұқыршыққа 0,1 мл-ден
субстрат қоспасын енгізіп, планшеттің
бетін фольгамен немесе қара қағазбен жауып, түсті реакцияның пайда болуын
қадағалайды. Ферментативті реакция 10-30 минут аралығында пайда болады.
Реакцияны әр шұқыршыққа қажетті мөлшерде стоп-реагент (2МН
2
SO
4
)
ерітіндісін қосу арқылы тоқтатады. 450-492 нм толқын ұзындығындағы
спектрофотометрдің көмегімен шұқыршықтағы
ерітіндінің оптикалық
тығыздығын өлшейді.
Нәтижені бағалау. Спектрофотометрмен оптикалық тығыздығын
өлшегеннен кейін позитивті (2А-2Н), негативті (3А-3Н) бақылау қан
сарысуларының орташа арифметикалық
көрсеткішін шығарып, оларды
зерттеуге алынған қан сарысуларының оптикалық тығыздықтарының
көрсеткіштерімен салыстырады.
ИФТ-дың «бәсекелі» қойылымы. ИФТ-дың бұл түрінің бірінші кезеңінде
жүйеде белгілі бір байланыстыру орындарының шектеулі саны үшін бәсекелесе
алатын қабілеті бар талдау жүргізуге алынған
қосылыс пен оның аналогы
(талдауға алынған ферментпен таңбаланған қосылыс немесе қатты фазаға
иммобилизацияланған қосылыс) болса, онда бұл бәсекелі әдіс болады. ИФТ-
дың «бәсекелі» қойылымы антигендер мен антиденелерді анықтауда
қолданылады.
Антигендерді анықтауға арналған ИФТ «бәсекелі» қойылымында қатты
фаза телімді антиденелермен иммобилизацияланады. Мұнда зерттеуге алынған
антиген (1) мен ферментпен таңбаланған антиген (2) қатты фазаға
сенсибилизацияланған антиденелер (3) үшін бір-бірімен бәсекелеседі (36-
сурет).
Антиденелерді анықтауға арналған ИФТ «бәсекелі» қойылымында
зерттеуге алынған қан сарысуларының құрамындағы антиденелер мен
ферментпен таңбаланған антиденелер қатты фазаға бекітілген антигендер үшін
бір-бірімен бәсекеге түседі.
Талдауды жүргізу үшін қатты фаза
антигенмен
немесе
антиденелермен
иммобилизация-ланады. Сонан соң қатты
фазаға зерттеуге
алынған сынамалар мен
конъюгат
(ферментпен
таңбаланған
антигендер
немесе
антиденелер)
енгізіледі
де,
планшет
бөлме
температурасында
не
болмаса
термостатта белгілі бір уақыт бойы
инкубацияланады. Уақыт өткеннен кейін
шұңқыршалардағы
сұйықтықты төгіп,
жуып-шаюға
арналған
ерітіндімен
бірнеше қайтара шайылады. Келесі
кезеңде пайда болған иммунды кешенді анықтау үшін шұңқыршаларға
ферменттің субстраты енгізіледі. Қатты фазада фермент болғанда, яғни реакция
теріс нәтиже көрсеткен жағдайда
субстрат ыдырауға ұшырап, хромогеннің
сұйықтықты бояуына себепкер болады. Ал фермент болмаса, конъюгат
шайылып кетеді де, субстрат сұйықтығы өзгеріске ұшырамай түссіз күйінде
Достарыңызбен бөлісу: