Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет126/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146
вирус

36-сурет. ИФТ «бәсекелі» 
қойылымы 


қалады (оң нәтиже). Субстраттың ыдырауы стоп-реагент ерітіндісімен 
тоқтатылып, реакция нәтижелері фотоколориметриялық әдіспен анықталады. 
 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 ИФТ түрлі қойылым 
әдістерін көрсету; 4 Студенттердің өзіндік жұмысы; 5 Сабақты қорытындылау; 
6 Келесі сабаққа тапсырма. 
 
Бақылау сұрақтары: 1 ИФТ қоюдың жалпы принциптері? 2 ИФТ-дың әр 
түрлі варианттарын қою кезіндегі негізгі этаптарын атаңыз? 3 ИФТ-дың 
«жанама», «сэндвич», «бәсекелі» қойылымдарына сипаттама беріңіз? 4 ИФТ-
дың нәтижелерін бағалау қалай жүргізіледі? 
 
 
16 тақырып. ПОЛИМЕРАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТІ РЕАКЦИЯ және
ДНҚ-ЗОНД ӘДІСІ 
 
Сабақтың мақсаты: вирустардың нуклеин қышқылдарын бөліп алу
полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) және ДНҚ-зонд әдістерін қою, ПТР 
нәтижелерін горизонтальды электрофорез көмегімен және ДНҚ-зонд 
нәтижелерін анықтау тәсілдерімен танысу. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі 
Вирустық ауруларды ПТР әдісімен балауға арналған тест-жүйелер, ПТР-
бокс, амплификатор, «Эппендорф» түтіктеріне арналған термостат (25-100°С), 
колбасы бар вакуумдық сорғыш, «Эппендорф» микротүтіктеріне арналған 
микроцентрифуга (12 000-16 000 g), центрифуга/вортекс, горизонтальды 
электрофорезге арналған камера, тұрақты тоқ көзі (150-460 V), ультракүлгінді 
жарық сәуле шығаратын трансиллюминатор, дозаторлар, бір реттік 
полипропиленді түтіктер (1,5 мл), микротүтіктерге арналған штативтер, мкл 
дозаторларға арналған ұштамалар (200,0-1000,0), дезинфекциялағыш ерітіндісі 
бар ыдыс. 
ПТР әдісі зерттеуге алынған сынама құрамынан вирустардың генін in vitro 
жағдайында термостабильді ДНҚ-полимераза ферментінің көмегімен бірнеше 
миллион есе көбейтіп алып (амплификация), электрофорезбен анықтауға 
бағытталған. Бұл реакция ДНҚ репликациясы деп те аталады. Табиғи жағдайда 
ДНҚ репликациясы бірнеше сатыдан тұрады: 1) ДНҚ денатурациясы (ДНҚ қос 
жіпшесінің тарқатылып, ажырауы); 2) ДНҚ-ның синтезделуіне қажетті қысқа 
екі тізбекті ДНҚ учаскесінің қалыптасуы; 3) ДНҚ-ның жаңа тізбегінің 
синтезделуі (қос жіпшенің комплементарлы құрастырылуы). 
Бұл реакцияда ауру қоздырғыш генінің учаскесінің құрылымын қайталауға 
қатынасатын, жасанды жолмен синтезделген олигонуклеотид пен Tag-
полимераза ферменті қолданылады. Tag-полимераза ферментінің көмегімен 
ДНҚ-ның телімді фрагменті қалыптасады. Жаңадан қалыптасқан ДНҚ 


фрагменттері нуклеин қышқылдарының жаңа тізбектерін синтездеуге арналған 
матрица ретінде амплификация циклдерінде пайдаланылады. Ветеринария 
практикасында ПТР әдісімен жануарлардың вирустық ауруларын балау 
жұмыстарында коммерциялық тест-жүйелер қолданылады. 
ПТР-ға арналған тест-жүйелер құрамы төрт жинақтан тұрады: №1 жинақ – 
биологиялық материалдардан ДНҚ бөліп алуға арналған, оның құрамына 
лизиске ұшыратушы ерітінділер, сорбент суспензиясы және ДНҚ элюцияға 
арналған буфер кіреді; №2 жинақ – ДНҚ амплификациясына немесе ПТР қоюға 
арналған. Бұл жинақ құрамы ПТР-буфер, дезоксинуклеозидүшфосфаттар 
қоспасы, телімді қос олигонуклеотидті праймерлер, Tag-полимераза, 
минералды майдан тұрады; №3 жинақ – ПТР өнімін детекциялауға арналған, 
оған этидий бромиді бар буферлік ерітінді концентраты және 1%-ды агароза 
гелі кіреді; №4 жинақ – бақылау сынамалары, оның құрамы позитивті (ПБС), 
негативті (НБС) және ішкі бақылау (ІБС) сынамаларынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет