Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет18/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146
вирус

 
 
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ДАУАЛАУ ШАРАЛАРЫ 
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі – малды дұрыс бағып-
күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған 
сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып 
табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін 


болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін
әрбір аурудың өзіне тән 
арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарладың 
ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен 
жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына 
шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан 
қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады. 
 
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу 
үшін
олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол 
бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері 
құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және 
халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын 
өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы 
бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен 
шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан 
алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау 
нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда 
дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі. 
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көңіл бөлетін мәселе – 
экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде 
кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін 
типтері, т.б. жатады. 
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай 
ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе 
тұрақты түрде сау болмауы, әлде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін.
Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың 
әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса 
шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіледі, иммунделген 
қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина 
болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға 
бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі. 
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық 
жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине бұл
шаралардың 
бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы аткарылатын әдіс-
амалдардан айырмашылықтары көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет