Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет21/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   146
вирус

 
Өлтірілген вакциналар. Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы 
микробтарды әртүрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін
бактерияларды тығыз немесе сұйық
қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс 
орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тарауына 


байланысты көбінде сұйық
қоректік орта пайдаланылады. Алынған микробтарды 
өлтіру үшін
әдетте формалин, фенол мертиолат (тиомерсал), ацетон, ал кей 
жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады. 
Осыдан келіп формолвакцина, фенол вакцина, мертиолат вакцина (тиомерсал 
вакцина), қыздырылған вакцина, дезинтеграцияланған (ультрадыбыспен 
талқандалған) вакцина, т.т. атаулар пайда болған. Осы аталған заттардың ішінде 
формалиннің әсері ерекше. Ол микробты өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің 
улық қасиетін бейтараптайды. Формалинмен бейтараптанған токсин анатоксин 
деп аталады, ол иммуногендік қасиетін толық сақтайды. Француз ғалымы Г.Рамон 
ашқан бұл
жаңалық сіреспеге, дифтерияға қарсы вакциналар даярлауға мүмкіндік
берді. Мұндай вакциналар анатоксин вакциналар немесе анавакциналар деп 
аталады. Олар әртүрлі ауруларға қарсы кең қолданылады. 
Өлтірілген вакциналар тірі вакциналарға қарағанда иммуногендік қасиеті 
жағынан анағұрлым төмен. Бұл
кемшіліктің аз да болса орнын толтыруға 
адъюванттардың көмегі бар. Адъюванттарды да Г.Рамон (1925) ұсынған болатын. 
Бірталай заттар: аллюминий гидрототығы, ашудастар (квасцы) өсімдік майлары
ланолин, лецитин, хлорлы кальций ангигендердің иммуногендік қасиетін 
арттырады (аdjuvarе – көмектесу). Адъювантен араластырылған антиген 
кіргізілген орында қабынған түйіршік (гранулема) түзіледі, соның нәтижесінде 
антигеннің организмге сіңуі баяулап, ыдырайтын және әсер ететін мерзімі 
ұзарады. Сондықтан мұндай вакциналарды деполандырылған (депо – қойма) деп 
те атайды. Лимфалық элементтердің молынан шоғырлануына байланысты 
қабынған түйіршіктерде антиденелердің 80 % дейіні түзіледі. Адъюванттарлын 
мутогендік қасиеті бар. Олардың әсерінен маңындағы және алыстағы сөл 
түйіндерінде, көк бауырда көптеген бұдырмақтар пайда болады. Бұл
бұдырмақтар 
– белсендірілген лимфоциттердің шоғыры. 
Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады. Ауруға 
қарсы иммунитет пайда болуы үшін
олардың барлығының маңызы бірдей емес. 
Тек қана протективті (қорғаушы) деп аталатын антигендер ауруға қарсы 
иммунитет тудыра алады. Энтербактериялардың протективті антигеңдеріне Vi  – 
антиген, ішек таяқшасында К – антиген жатады. Осындай тазаратылған 
протективті антигеннен даярланған вакциналар химиялық вакциналар деп 
аталады. Мұндай вакциналар организмде жайсыз реакциялар тудырмайды, оңдай 
препараттардың болашағы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет