Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет24/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146
вирус

 
Індеттанулық балау әдісі. Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы мен 
таралуына қатысты төмендегідей мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі. 
1. Індеттік жағдай. 
2. Індет бұғауының буындары. 
3. Аурудың індеттік ерекшеліктері. 
Індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші – күдік
тудырған аурудың сол өңірде 
бар немесе жоқ екендігі. Екінші айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи 
ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл
аймақта болмаса, осы аурудың 
басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін 
анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының нысандарын талдауға тікелей қатысты. 
Індет бұғауының буындарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен 
басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының арғы буыны болса да, 
жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. 
Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан 
малдың бұл түлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. 
Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп 
қарастырылады.
Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік
тудырған ауру 
қоздырушысының бастауы болып табылатын ауру немесе микроб алып жүруші 
жануардың бар немесе жоқ екені анықталады. Егер инфекция қоздырушысының 
бастауы табылса, оның
берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға бейім жануар 
инфекция қоздырушысымен тікелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен 
тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықталады. Сонымен қатар 
инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін
болатын берілу 
жолдары және олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйлесімділігі. 
Аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны (спорадия, 
эпизоотия, панзоотия), жұғымталдығы, шығын және өлім көрсеткіштері т.б. 
ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық және кезеңдік ерекшеліктері оны 
балау үшін құнды
деректер болып табылады.
Індеттанулық балау әдісі түпкілікті
нозологиялық диагноз қоюға толық 
мүмкіндік
бермегенмен, басқа дәлдігі жоғары арнаулы әдістерді пайдалануға 
бағдар береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет