Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Өлексе мен басты
екі қабат полиэтилен қапшықпен металл контейнерге немесе су өткізбейтін ыдысқа салып, ал
миды (жаңадан алынған немесе 30-50% глицеринмен консервіленген) мұқият жабылған банкіге
салып, жәшікпен жеткізеді. Зертханада миды микроскоппен қарап, Бабеш-Негри денешіктерін
іздейді. Олар табылмаса да құтырыққа тексеру тоқталмайды. Құтырық антигенін табу үшін
диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) қойылады, бұл
реакциямен шіріген миды да
тексеруге болады. Оның нәтижесі теріс болғанда да құтырық емес деген қорытынды
жасалмайды. Мұндай жағдайда флуоресценциялаушы антидене әдісі қолданылады.
Материалды құтырық вирусына тексеру үшін енесінің бауырынан шықпаған ақ тышқанның
баласына немесе үй қоянына биосынама қояды. Бөлініп алынған вирусты айқындау үшін
тышқаңды пайдаланып бейтараптау реакциясын қояды.
Құтырықты Ауески ауруынан ажырату керек. Соңғысы кезінде жануарда өшпенділік
байқалмайды, тәбеті бұзылмайды, жағы салбырамайды. Иттің обасынан ажырату керек. Оба аса
жұғымтал, жазылуы мүмкін. Құтырған жылқы делбеге ұқсас.
Делбе кезінде кілегей қабықтары сарғаяды, өшпенділігі жоқ, кейбір ауырған жануарлар
жазылады. Кейда уланған, тышқаншық тиген малдар құтырыққа күдік тудырады.
Бірақ оңдай
жағдайда құтырыққа тән салдану болмайды. Жоғарыда айтылған лабораториялық зерттеулер
ауруды дұрыс балауға мүмкіндік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: