Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет41/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146
вирус

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар: шошқа, ит, 
мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы 
аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей 
жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің әсіресе торайлардың 
ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары. 
Ауру қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, 
көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады. Бұл ауру сиыр, 
қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі. Сондықтан да олардың 
арасында вирус алып жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп 
қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ 
уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. 
Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор. 
Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы қызметін ластанған жем, төсеніш, қора-жай, 
ет, өлексе атқарады. Ауру таратуда әсіресе тышқандар мен егеуқұйрықтар басты орын алады. 
Олардың арасыңда ауру індет ретінде тарайды да, табиғаттағы бұл індет ошағының негізгі 
қорламасы болып табылады. 
Ет қоректі жануарлар мен шошқаға ауру негізінен алиментарлық жолмен кемірушілерді 
және олардың өлекселерін жегенде, ластанған жем мен судан, қасапхананың тастандыларынан 
жұғады. Еметін торайларға негізінен мегежіннің сүтімен беріледі. Бірге тұрған жануарлардың 
бір-біріне вирус жанасқан кезде жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы берілуі 
мүмкін. Күйіс қайыратын жануарлар алиментарлық жолмен жұқтыруға төзімді де, 
парентаральдық жұқтыруға өте сезімтал. Сондықтан бұл малдарға ауру негізінен қан сорғыш 
жәндіктер арқылы беріледі. 


Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус алып жүруші шошқалармен 
немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің өлекселерімен ластанған жеммен
зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарымен келеді. Ауру қоздыршуысын көрші сау емес 
шаруашылықтардан шұбырып келетін кемірушілер де әкелуі мүмкін. 
Ірі шаруашылықтарда ауру әдетте індет ретіңде жаппай білінеді, оның себептері: 
шошқаның үздіксіз сапырылыстырылып ферма ішінде орын ауыстыруы және вирустың 
жұғымталдығы, ұсақ шаруашылықтарда ауруға 2-3 ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап 
қалады. Ірі бордақылайтын және торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар үздіксіз келіп 
жатқандықтан індеттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын жаппай қамтиды, 3-4 апталық 
торайларда ауру негізінен зілді өтеді де, әдетте өліммен тынады. Одан ересек торайларда ауру 
зілді өткенмен көбі тірі қалады. Ересек торайлар мен үлкен шошқалар жеңіл, әдетте байқаусыз 
ауырады да, тек қана серологиялық зерттеу арқылы ғана анықталды. Ауырған шошқалармен 
жанасқан басқа мал түліктері де ауруға шалдығуы мүмкін. 
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы қатаң сауықтыру шаралары 
жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтанып, оның энзоотиялық ошағы пайда болады. Індет ошағының 
тұрақты болу себептері: ұзаққа созылатын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас 
мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзіңде өсірілген төлдің ауруға бейім 
жануарлардың санын молайтьш отыруы. Сондықтан бір басталған індет шаруашылықта үздік-
создық бірнеше рет қайталанып, талай жылдарға созылуы мүмкін. 
Кемірушілер арасында Ауески ауруы бірнеше қайталайтын ұзаққа созылатын індет 
ретінде байқалады. Әдетте шошқада болатын індеттің алдында тышқандар мен егеуқұйрықтар 
жаппай қырылады, және соның салдарынан болған иттер мен мысықтар арасында ауру 
байқалады. 
Терісі бағалы аңдардың арасында Ауески ауруы зарарсыздандырылмаған шошқаның 
қасапқанадағы тастандысы арқылы аз уақыт қана қаулайды. Ал сиыр мен жылқыда бірең-сараң 
малдың ауыруымен шектеледі. 
Ауески ауруының қаулауына маусымдылық тән болмаса да, күздің қысқа ауысқан кезінде 
жиірек байқалады. Оның себебі бұл уақытта кемірушілердің мал қораларына қарай аууы, 
жануарлардың күтімінің нашарлауы, ветеринариялық-санитариялық ахуалдың төмендеуі орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет