Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет36/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146
вирус

Індеттік ерекшеліктері. Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, 
сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер (түлкі, қасқыр, қорқау қасқыр, енот тәрізді ит), 
сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. 
Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. 
Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. 
Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының 
табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде – 
жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. 
Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал 
табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар. 
Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы – түлкі, ал үй 
жануарларының ішінде бұл ауруғы ең жиі шалдығатыны – сиыр. Түлкінің өсіп-өну 
ерекшеліктеріне байланысты, атап айтқанда, жаңа ұрпағының жетіліп күшіктеуіне дейінгі 
уақыт 2-3 жыл өткен сайын құтырық оқтын-оқтын жиі байқалып тұрады. Бұл – осы аурудың 
кезеңдік сипаты. Сонымен қатар оның маусымдық ерекшеліктері де байқалады, әсіресе қысқа 
қарай немесе қыстың көктемге ауысқан кезінде жиілейді. Оның себебі де ауруды тарататын 
жыртқыштардың тіршілігіне, олардың қысты күні жыныс белсенділігі артып, ылығуына 
байланысты. Бұл кезде еркек аңдар бір-бірімен таласып, денелерін жарақаттайды. Құтырық 
түлкі, қасқыр, қарсақ және иттерге бір-бірінен тістеген сәтте жұғады. Ал алиментарлық жолмен 


жұғуының індет тудырарлықтай маңызы түпкілікті айқындалған жоқ. 
Дерттенуі. Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке 
талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. 
Қоздырушының мидың сұр затына өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп 
соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда 
жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан 
қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді
бәлкім оларда да өсіп өнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет