Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет59/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146
вирус

Жіті ағымда дене қызуы 40,6-42
о
С-ге дейін көтеріліп, бір аптадан аса уақыт сақталып 
тұрады. Сонымен қатар ауру малдарда конъюнктивит, ауыз және мұрын қуыстарының, тілі мен 
еріндерінің кілегей қабықтары гиперемияланып, ісініп, кейіннен жаралар, эрозиялар мен 
некротикалық ошақтар пайда болады . Мұрынынан қан араласқан кілегейлі-іріңді сұйықтық 
ауызынан қан араласқан көпіршікті сілекей ағады. Тілі қатты ісініп, бастапқыда қою-қоңыр 
кейіннен күлгін көк түсті болып, ауызынан сыртқа шығып тұрады. Жиі жағдайда өкпе 
қабынады, қан аралас іші өтеді, терілері жарылады, аяқтары зақымдалып, жануарлар ақсайды. 
Қатты зақымданулардың әсерінен мал азықтанбай жүдейді, жүндері түсіп, 6-10 күн аралығында 
өлімге ұшырайды. 
Жітілеу түрінде ауру белгілері нашар байқалады, баяу дамиды. Ауруға шалдыққан 
малдар жүдейді, әлсірейді, аяқтары іріңді қабынып, тұяқтары түсіп қалады. Ауру 15-30 күнге 
созылып, малдар баяу сауыға бастайды. Мұндай ауру ағымдары жергілікті қой тұқымдарына 
тән болады.
Абортивті түрінде дене қызуы қысқа уақытқа көтеріледі, симптомдары нашар 
байқалады. Гиперемия, қанталау, жара, ісік, тілдері сыртқа шығып тұрады. Жануарлардың біраз 
бөлігі организмнің сусыздануынан өлімге ұшыраса, қалған бөлігі іш тастайды немесе тіршілікке 
бейімсіз кем-тар төлдер туылады. 
Патологоанатомиялық балауы. Өлекселер жүдеу, ауыз бен мұрын қуыстарының кілегейлі 
қабаттары, еріндері, қызыл иектері, тілі ісінген, гиперемияланған, эрозияланған және жаралар 
болады. Мойын, жауырын мен арқасының тері астында қызыл түсті желатинделген учаскелер 
байқалады. Бұлшық еттері, жіңішке ішектері, миокарды мен эпикарды, тыныс жолдары мен 
қуықтың кілегейлі қабаттары, бауыры мен бүйрегі қанталаған.Лимфа бездері мен талағы 
ұлғайған болады. Тұяқ аумақтарында іріңді процесстер көрінеді. Ошақтық бронхопневмония, 
ателектазалар мен эмфиземалар екінші ретті белгілер болып саналады.
Дифференциалдық балауы. Қойлардың катаральды қызбасын (Блютангты) қой мен 
ешкілердің контагиозды эктимасынан, аусылдан, везикулярлы стоматиттен, Рифт алқабының 
қызбасынан, Найроби ауруынан, жүрекке сарысудың жиналуынан, ірі қараның вирустық 
диареясы мен жұқпалы ринотрахеитінен, қатерлі катаральды қызбадан, ценуроздан, және 
некробактериоздан ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. Вирустарды өсіру. Вирусты 6-8 және 11-13 күндік тауық 
эмбриондарында, жаңа туылған тышқан мен қалтаауыз балаларының организмінде, қозы мен ірі 
қара эмбрионының бүйрегінен дайындалған алғашқы жасуша өсінділерінде, ВНК-21, МВ-2, 
VERO және HeLa жасуша өсінділерінде өсіруге болады. 


Блютанг вирусы бар материалды тауық эмбриондарының сарыуыз қапшығына және 
хориоалантоис қабықшасына жұқтырғаннан кейін, 33,6
о
С-де инкубациялнған тауық 
эмбриондары 3-6 күннен кейін өледі. Мұндай тауық эмбриондарының түсі қою-қызыл түске 
иемденеді. Олардың бұлшық ет ұлпалары, бауыры мен миында дегенеративті өзгерістер 
байқалады. Интрацеребральды жолмен жұқтырылған тышқан мен қалтаауыз балаларының 
миында вирустар көп мөлшерде жиналып, энцефалит белгілері байқалады да, 3-5 күннен кейін 
олар өлімге ұшырайды. Ересек тышқандардың организмінде вирустар жиналғанымен, инфекция 
инаппарантты түрде өтіп, онда жиналған вирустардың 1 грамм ұлпадағы концентрациясы 10
6
-
10
8
ЛД
50/г
құрайды. 
Қозылардың бүйрегінен дайындалған алғашқы жасуша өсінділерінде адаптацияланған 
вирустарды ВНК-21, МВ-2, және HeLa жасуша өсінділерінде өсіруге болады. Зақымданған 
ВНК-21 жасушалардағы өзгерістер 18 сағаттан кейін пайда болып, олардың толық 
деструкциялануы 59 сағаттан соң байқалады. Мұндай жасушалар дөңгеленеді, цитоплазма 
құрамындағы заттар редукцияланып, жасуша құрылымы өзгеріске ұшырайды. Жасушалардың 
цитопатогендік өзгерістері вирустардың титріне байланысты болады. Блютанг вирусы 
жұқтырылған жасушалардың ішінде өзек тәрізді бөлшектер 12-16 сағаттан соң пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет