(Febris catarrhalis ovium )
Блютанг (қойлардың катаральды қызбасы, көк тіл) – қызбамен, ауызы мен тілінің, азық
қорыту жолдарының, тәжі эпителиі мен тұяқтың тері негізідерінің некротикалық қабынуымен,
қаңқа бұлшық еттерінің дегенеративті өзгеруімен, буаз саулықтардың іш тастауы және кемтар
төлдердің туылуымен сипатталатын, трансмиссивті жолмен таралатын вирустық індет.
Табиғи жағдайда қойлардың катаральды қызбасына барлық қой тұқымдары, әсіресе 2-12
айлық жастағылары,
сонымен қатар ірі қара мал, ешкі, бұғы, жабайы күйіс қайыратын
жануарлар шалдығады.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Reo
viridae тұқымдастығына,
Orbivirus
туыстығына жатады. Қазіргі кезде бұл вирустың иммунологиялық қасиеттерімен
ажыратылатын, жалпы комплементті байланыстырушы және преципитирлеуші антигендері бар
30-ға жуық типі белгілі. Вирустың табиғатын зерттеген ғалымдар Тейлер (1905 ж), Нищульц
(1934 ж), Рой Полли (1922 ж). Вирион гексогенальды пішінді, диаметрі 60 нм, құрамы 80%
белоктан және 20% РНҚ-нан тұрады.
Блютанг вирусы эфирге, хлороформға және натрий дезоксихолатына төзімді келеді.
Трипсин мен қышқылдық ортаға сезімтал. рН 6-дан төменгі орталарда 1 минут ішінде
инактивацияланады. рН 6,5-8,0 орталарға тұрақты. Дезинфекциялаушы заттар ретінде 3%-ды
күйдіргіш натрий, 3%-ды формалин,70%-ды спирт қолданылады.
Қойлардың катаральды қызбасын балау
эпизоотологиялық деректерге, клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында вирустарды бөліп
алуға және оларды серологиялық реакциялармен анықтауға негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 5 күннен 20 күнге дейін созылады. Ауру
жіті, жітілеу абортивті түрде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: