1. Генетика
1950 жылдардың басында Вьетнам соғысы кезінде американдық сарбаздарға примахин міндетті түрде берілді. Бұл дәрі сарбаздарды безгектен қорғауы керек еді, бірақ олардың кейбіреулерінде препаратты қабылдау барысында кері әсер етіп - жедел гемолитикалық анемия тудырды.
Сұрақтар:
Кенеттен дамыған қан ауруы тіпті өлімге әкелді. Жүргізілген тергеу "примахиндік анемиядан" болатын өлім-жітім әртүрлі этникалық топтардың өкілдерінде әр түрлі болғанын көрсетті. Әсіресе жоғары (10-15% дейін) ол ата-бабалары Жерорта теңізінен шыққан сарбаздардың арасында болды (Солтүстік Африка, Италия, Испания, Таяу Шығыстан келгендер). Көп ұзамай примахиндік анемияның себептері ашылды.
Мұндай атиптік реакция қандай ферменттің жетіспеушілігімен байланысты, атаңыз?
Мұндай атиптік реакция глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігінен болады.Осы ферментке жауа беретін геннің мутацияға ұшырауынан эритроциттердің гемолизге ұшырауыболып примахиндік анемия болады.
Бұл дефекті ферменттің тұқым қуалау типі қандай? Атиптік реакциясы бар адамдардың генотиптерін жазыңыз.
Бұл дефекті ферменттің Х-тіркес рецессивті тұқым қуалайды.Бұл аурумен көбінесе ер адамдар ауырады,сондықтан атипті реакциясы бар адамдардың генотиптері ХаУ-гемизиготалы
Примахинді енгізгенде ағзада дәрі-дәрмектерге немесе басқа заттарға патологиялық реакция берудің қандай типіне жатады? Реакцияның бұл түрін сипаттаңыз.
Бұл атиптік реакция парадокстық реакция тобына жатады. Парадоксалды реакция-әдетте нормада күтілгенге қарама-қарсы медициналық препаратпен емдеу әсері. Парадоксалды реакцияның мысалы-ауырсынуды басатын препараттан туындаған ауырсыну
4. Глоссарий:
Достарыңызбен бөлісу: |