Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет32/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Акишев

2.4.Сертификатау ережелері

1.Сертификаттау органы ретінде меншік нысанына қарамастан дайындаушылардан (орындаушылардан),берушілер мен тұтынушылардан, мемлекеттік органдардан тәуелсіз,штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапша-аудиторлары және (немесе) бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар бола алады.


Сынақ зертханалары ретінде меншік нысанына қарамастан,белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары,өкілдіктері) бола алады.
2.Сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар-аккредиттеу жөніндегі органдары жүргізеді.
3.Егер аккредиттеу жүйесінде бір өнім түріне (көрсетілетін қызметке) бірнеше сертификаттау органы сәйкес келсе,онда олардың арасынан өзіне лайықтысын өтінушінің өзі таңдайды.
4.Отандық және шетелдерде әкелінген өнімдерді сертификаттау бірдей ережелер мен рәсімдер бойынша жүргізіледі.
5.Сәйкестікті міндетті растау жүйесінде сертификаттар мен аккредиттеу аттестаттары бір тізімде тіркеуден өткеннен кейін ғана күшіне енеді.
6.Сәйкестікті растау жүйесінде біркелкі өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарын сертификаттау белгіленген сертификаттау сызбалары бойынша жүргізіледі.


2.5.Өнімді сертификаттау тәртібі


2.5.1.Сертификаттау сызбасы

Сертификаттау сызбасы-өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде ресми қабылданған іс-қимылдардың жиынтығы (4-кесте).




4-кесте
Өнімді сертификаттау сызбалары



Сызба нөмірі

Тіркеуден
өткен сынақ
зертханаларында
сынау және сәйкестікті
дәлелдеудің
басқа да
түрлері

Өндірісті
(сапа жүйесін тексеру)

Сертификатталған өнімнің (сапа жүйесінің,өндірістің)
белгіленген талаптарға сәйкестігіне инспекциялық бақылау жасау

Сертификатты қолдану мерзімі (аспауы керек)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Типтік өкіл ретіндегі үлгілерді сынау (типтік сынау)




-

6 ай

Таңбалау жүргізілмейді



Типтік сынау

Өндіріс жағдайын талдау










2

Типтік сынау

Өндіріс жағдайын талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау

12 ай

Барлық шығарылатын өнім таңбаланады

3

Типтік сынау




Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау

12ай

Барлық шығарылатын өнім таңбаланады



Типтік сынау

Өндіріс жағдайын талдау

Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау,өндіріс жағдайын талдау







4

Типтік сынау




Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау

18 ай

Барлық шығарылатын өнім таңбаланады



Типтік сынау

Өндіріс жағдайын талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау,өндіріс жағдайын талдау







5

Типтік сынау

Өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) тексеру

36 ай

Барлық шығарылатын өнім таңбаланады

6

Типтік сыңау өтінім декларациясын қарастыру

Сапа жүйесін сертификаттау

Сапа жүйесін тексеру

36 ай

Таңбалау жүргізілмейді

7

Партияны сынау







Партияны тарату мерзімі

Таңбалау жүргізілмейді

8

Әрбір үлгіні сынау




-

Тағайындалмайды

Әрбір бұйым таңбаланады

9

Өтінім декларациясын қарастыру







Өнімнің жарамдылық мерзімі 12 айдан аспау керек






Өтінім декларациясын қарастыру

Өндіріс жағдайын талдау










10

Өтінім декларациясын қарастыру

Өндіріс жағдайын талдау




12 ай

Таңбалау жүргізілмейді

10а

Өтінім декларациясын қарастыру

Өндіріс жағдайын талдау

Дайындаушыдан және сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндіріс жағдайын талдау







1-8-сызбалары толығымен ИСО/МЭК ұсыныстарына және халықаралық тәжірибеде қабылданған сертификаттау ережелеріне сәйкес.


Ресейдің сертификаттау ережелерінде үстеме сызбалар 1а,2а,3а,4а және дайындаушының декларациясына негізделген 9 және 10-сызбалар қолданылады.
Кестеде көрсетілгендей мынандай дәлелдеу әдістері қолданылады:
1)сынау;2)өндірістік тексеру;3)инспекциялық тексеру;4)сәйкестік туралы декларациясын (бірге ұсынылған құжаттармен) қарастыру.
Бір немесе бірнеше дәлелдеу тәсілдері белгілі номерлі сызбаның мазмұнын анықтайды.Жекелеген сызбаларды қарастырардың алдында дәлелдеу әдістеріне тоқталып кетейік.
1-5-сызбаларында типтік өкіл ретінде бір немесе бірнеше үлгілерді сынау (типтік сынау) жүргізіледі.7-сызбаларындағы бақылау-ол партия сапасын тексеру.Тексеру үшін статистикалық тексеру әдісіне сәйкес партиядан сынау үшін алынатын іріктеу қолданылады.8-сызбада әрбір өнім тексеріледі.
Сонымен сынау қатаңдығы,яғни сынаудың сенімділігі мен бағасы 1-7-8 бағытында арта береді.
Дәлелдеудің екінші әдісі-өндірісті тексеру.Бұл әдіс сапаны дұрыс бағалау үшін тек қана сынақ жеткіліксіз болып,өнім сапасының біркелкілігін бағалау үшін технологиялық үдерісті талдау қажет болған жағдайда қолданылады.Тез бұзылатын (бүлінетін) өнімдер өндірісін бағалау үшін бұл дәлелдеу әдісі (6-сызба) негізгі болып табылады.Өйткені өнімнің сақталу мерзімі оның сынақ зертханасында сынауды ұйымдастыру және өткізу мерзімінен кем.
Өндірісті тексеру әр түрлі қатаңдық деңгейінде жүргізіледі.Өндірісті тексеру қатаңдығының ең жоғарғы деңгейі,яғни сапа біркелкілігінің жоғары сенімділік деңгейі сапа жүйесін сертификаттауға сәйкес.
Инспекциялық тексеру бірнеше сызбаларда көзделген.Ол сертификат берілгеннен кейін жүргізіледі.Ол үлгілерді сынау түрінде (2,2а,3а,4,4а сызбалар) немесе сертификатталған сапа жүйесін бақылау түрінде жүргізіледі.
Өтінім-декларацияны қарастыру,бұл-бірінші жақ дайындаушы ұсынатын дәлелдеу әдісі.Әдіс Еуропалық Одақтың сертификаттау тәжірибесінен алынып соңғы кезде енгізілген.Әдісті сертификат пен қатар қолданылатын сәйкестік туралы декларациядеп түсінбеу керек. Бұл әдісте мекеме бастығы сертификаттау органына өтінім декларациясын ұсынады.Өтініммен қоса сынақ хаттамасы және өндірісте өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру жөнінде ақпараттар ұсынылады.Әдіс шетел дайындаушысының өнімін және отандық жекеленген өндірушілердің (мысалы фермерлердің) өнімдерін,шағын мекемелердің өнімдерін,т.б. сертификаттағанда қолданылады.
Сызба таңдауда басты белгі-өнім ерекшелігі.Сертификаттау сызбаларын біркелкі өнімді сертификаттау жүйесінде (ережелерінде) белгілейді.Нақтылы сызбаны сертификаттау органы немесе өтінуші белгілейді.
Жекелеген сызбаларды қолдану жағдайы туралы мыналарды айтуға болады.
1-6 және 9а-10а сызбалары сериялы мөлшерде шығарылатын өнімдерді серти-фикаттауда қолданылады,7,8,9 сызбалар-өндірілген партияны және жекелеген бұйымдарды сертификаттағанда қолданылады,1-сызбада шекті мөлшерлі өнімді сатқанда немесе шығарғанда қолдану ұсынылады.Бұл нұсқаулар өнімді өндіру көлеміне байланысты берілген. Сонымен қатар сызбалар сапаға қойылатын талап-тарға байланысты да ұсынылады.Мысалы 1а,2а,3а,4а,9а және 10а сызбаларын (1,2,3,4,9 және 10сызбаларының орнына) сертификаттау органының өнімді дайын-даушының сынауларымен дәлелденген өнім көрсеткіштерін біркелкілендіру мүмкіндіктері туралы ақпараттар болмаған жағдайларда қолдану ұсынылады. 5-сызба-ең қатал сызба,өйткені ол шығарылатын өнім көрсеткіштерінің біркел-кілігіне жоғары талаптар қойылған жағдайда (экспортқа шығарылатын өнімдер) қолданылады.
3а,4а және 5-сызбалары өнімнің мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін ерікті сертификаттау жүргізгенде қолданылады.
Ресейде 9-10а сызбаларын енгізу арқылы елдің сертификаттау жүйесі еуропалық жүйеге жақындай түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет