және т. б. үшін пайдаланады.
2. Бүл процесте әртүрлі пентозалар, соның ішінде рибоза, синтезделеді, ол
нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарының молекуласын түзу үшін қажет.
3. Аэробты жағдайда, цитозольды НАДФН2 -нің 12 молекуласынан протондар мен
электронды митохондрияларға, тыныс алу тізбегінің ферменттеріне тасымалдаған кезде
тотығу фосфорильдену реакциясында АТФ-тың 36 молекуласы синтезделуі мүмкін.
17. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері. Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінін жазыңыз. Бөлінуі.
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінің жазыныз.БөлінуіКөмірсу алмасуының соңғы өнімі СО2 жане Н2О.Олардың қолдану жолдары.Керек мөлшерін мочевинаның ,көмір қышқылының синтезіне жане буферлі жүйелер түзуге қолданамыз.Ал,енді керек емес мөлшерін сыртқа шығарамыз немесе бөлінді су терлеу арқылы жане зәр арқылы,ал көмірқышқыл газы көбінесе өкпе арқылы сыртқа шығарылады.Көмірсу алмасуында бауырдың атқаратын қызметі.Бауыр глюконеогенез,гликогенолиз процестері жүреді.Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты етіп ұстап тұрады.Қанның құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-5,6 ммоль/л.
18.Тағам липидтері, биологиялық маңызы, ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың құрамы мен ролі.
Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мr0кицелланың құрамы мен ролі.Липидтер( майлар)-тағамның негізгі компонеттерінің бірі болып табылады.Тәліктік қажеттілігі 50-100г. Дұрыс рационалды тамақтану кезінде майлар белоктармен жане көмірсулармен белгілі бір қатынаста түсуі қажет(1:1:4).Тағамда липидтердің болуы мен әртүрлілігі пайдаланылатын тағам түріне байланысты болады.Адамдар көбінесе тағамға өсімдік және жануар тектес үшацилглицериндерді пайдаланады,олар бір-бірінен май қышқылдарының құрамымен ерекшеленеді.Тағамдық жағынан сұйық майлардың ерекше маңызы бар,олардың молекуласында қанықпаған май қышқылдары болады.Адам ағзасына жануар тектес тағамдармен (ет,сүт,май) тек үшацилглицериндер ғана емес,сонымен қатар липоидтар жане стеридтерде түседі.Мысалы,жұмыртқаның сары уызында лецитинмен қатар фосфолипидтер де көп мөлшерде кездеседі.Тағамның барлық липидтері адам ағзасына жақсы қорытылады жане сіңірледі.Әсіресе сұйық,жеңіл балқитын майлар жане фосфолипидтерге бай липидтер оңай түрдеқорытылады.Майлардың қорытылуы үшін міндетті шарт-олардың эмульгирленуі.Липидтер қорытылуы үшін липидтерді гидролиздейтін липолитикалық ферменттердің болуы жане олардың каталитикалық әсеріне ортаның оптимальды рН болуы қажет.Ересек адамда майдың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жерге өт ,ұйқы безінің сөлі және ішектің сөлі бөлінеді.Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі энергияға тәуелді белсенді процесс,бірақ сонымен қатар оның өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы,көміртегілік атомының саны10-12дейін болатын май қышқылдарының сіңірілуі жай диффузия жолымен іске асады.Көміртегілік атом саны 14 жане одан да көп болатын ұзынтізбекті май қышқылдары,сонымен қатар холестерин холиенді комплекс түзе отырып,өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі.Ішек қабырғасының ішінде холеинді комплекс ыдырайды,ал өт қышқылдары қан ағынымен ішектен бауырға жеткізіледі де,қайтадан өттің өттің құрамына бөлінеді.Суда жақсы еритін қосылыстар ретінде глицерин,фосфор қышқылы ,липидтердің азоты компоненттері ішек қабырғасына жеңіл сіңіріледі.Липидтер қорытылуының бұзылыстары панкреатикалық сөлде липолитикалық ферменттердің жетіспеушілігінен немесе ішекке ұйқы безі сөлінің бөлінуі бұзылу салдарынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |