Стоматология факультеті


Өттің химиясы. Жұп өт қышқылдарының және өт пигменттерінің құрылысы. Липидтер алмасуында өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі)



бет6/35
Дата01.06.2022
өлшемі266.17 Kb.
#458867
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
биохимия Мухиддин (2)

19.Өттің химиясы. Жұп өт қышқылдарының және өт пигменттерінің құрылысы. Липидтер алмасуында өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі).
Ересек адамда майлардың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жеоге өт,ұйқы безінің сөлі жане ішектің сөлі бөлінеді.Осы жерде липолиз үшін барлық жағдай бар.Өттің құрамында өт қышқылдары(холь,дезооксихоль,хенодезоксихоль қышқылдары) болады,олар тауринмен немесе гликолмен пептидті байланыс арқылы коньюгацияланады.Жұп өт қышқылдарының(гликохоль,таурохоль,тауродезоксихоль жане т.б)амфифильдік қасиеттері бар,сондықтан майлардың эмульгирлленуін тудырады.Майлардың эмульгерленуі фазалардың бөлінуі қабатын арттырады жане ұйқы безінің немесе ішектің липазаларының липидтерді гидролиздеуі үшін қажетті жағдайды тудырады.Өт қышқылдары липолитикалық ферменттердің активаторлары болып табылады,олар жоғары май қышқылдары мен холестериннің тасмалдануын қамтамасыз етеді де олардың ішектің қабырғасына сіңірлуіне әсер етеді.Липидтердің сіңірілуі-Глицерин ,қысқа көмірсутек тізбегінен тұратын БМҚ,азотты негіздері суда жақсы ериді,сондықтан ішектің кілегей қабатынан диффузия әдісімен жеңіл сіңіріледі.БМҚ көмірсутек тізбектері 10-нан көп болса,МАГ ХС-дер жане өт қышқылдары сулы ортада тұрақты мицелла түзеді,оның диаметірі 0.005 мкм болып табылады.Суда ерімейтін БМҚ ,МАГ,ХС қосылыстар мицелланың ішкі қабатында орналасқан ал екі жақта ерігіштік қасиеттер бар,өт қышқылдарымен ФЛ-тер сыртқы қабатында орналасқан.
Патологиялық асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістері. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері. Патологиялық құрам бөліктерінің түзілу себептері және сапалық реакциялары. Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;2. мукоциттер-шырыш;3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),2. қарындық (гастриндік) және3. ішектік сатылар.Қалыпты жағдайды қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет