Қосымша 2
Жазық саптағы жалпы жетілдіру жаттығулары (2 кешен)
1. Б.қ. – н.т.
1-2- сол аяқпен алға , қол жоғары ;
3-4 – сол аяқпен артқа – б.қ.
5-8 келесі аяқпен сол сияқты .
2 .Б.қ. – н.т. қол иыққа ;
1- жартылай отыру , денені оңға бұру , қол жаңға ;
2- б.қ.
3-4- сол сияқты басқа жаққа .
3. Б.қ. – тік тұру , аяқ арасы алшақ , қол жанға ;
1- оң аяқты бүгу арқылы солға еңкею , қол жоғары :
2- б.қ.
3-4- сол сияқты оңға .
4 .Б.қ. – н.т.
1-3- сол аяққа жартылай отыру , оң аяқтың ұшымен артқа ;
4- б.қ.
5-8- келесі аяқпен сол сияқты .
5 . Б.қ. – н.т.
1- сол аяқпен солға , артқы шалқаю , қол жоғары ;
2- сол аяққа секірмелі еңкею ;
3- оң аяққа секірмелі еңкею ;
4- түзеліп және аяқты жинап - б.қ.
6 . Б.қ. – н.т.
1- тіреле отыру;
2- жатып тірелу;
3- жатып секіре тірелу , аяқ арсы алшақ;
4- секіре аяқты бірге қою;
5-6- 3-4 санындағы секілді;
7- тіреле отыру;
8- б.қ.
7. Б.қ. – тік тұру , аяқ арасы алшақ , қол жоғары;
1-4 – денені солға қарай айнала бұру;
5-8- сол сияқты оңға қарай.
8. Б.қ. – н.т.
1-2 – тізерлеп тұру , қол жанға;
3-4- сол жамбасқа отыру , қол онға;
5-6- тізерлеп тұру , қол жанға;
7-8 - б.қ.
9. Б.қ. - тізерлеп тұру, қол белде;
1- сол аяқты аяқтың ұшымен солға;
2- сол аяқты аяқтың ұшымен алға;
3- сол аяқты солға;
4- б.қ.
5-8- сол сияқты оң аяқпен.
10.Б.қ. – н.т. қол жанға;
1- сол аяқты бүгіп, қолмен сирақты ұстау;
2- б.қ.
3-4- сол сияқты басқа аяқпен .
Қосымша 3
Еркін жалпы дамыту жаттығулары. (3 кешен)
1.Малдас құрып отырып, қолды желкеде ұстап, кеудені шалқайта қолды жоғары көтеріп, қолдың ұшына қарау.
2.Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде ашып тұрып, екі алақанды тізеге қойып, тізені бүкпестен қолдың ұшын біртіндеп аяқтың басына жеткізу.
3.Бір аяқпен алға қарай бір кең адым жасап, қолдың ұшын иыққа тигізіп тұрып, жан-жаққа кезекпен иілу, еңкею және қолды жоғары көтере шалқаю.
4. Екі аяқты иық кеңдігінде ашып тұрып, алға, оңға, солға, артқа, және керісінше айландыру. Мүмкін болса, жүріп орындаған дұрыс.
5. Негізгі тұрыста тұрып, алдымен бір қолды, сонан соң екінші қолды алға айландыру.
6. Екі аяқты иық кеңдігінде ашып, қолды кеуде деңгейінде шынтақтан бүгіп тұрып, артқа қарай сілкей жазып, кеудені бір жақ жанға қарай 90ºжасап бұру.
7. Шалқадан жатқан қалыптан басты екі тізенің арасына тыға домаланған қалыпқа келу.
8. Төрт тағандап тұрып, кеудені көтеру арқылы белді қайқайту және сол мезетте аяқты көтеру.
9. Екі алақанды, екі аяқтың ұшын (қыздар екі тізесін) жерге тірей етпеттеп жатып, екі аяқты кезекпен артқа қарай көтеріп, қолды шынтақтан бүгіп, жазу.
10. Негізгі тұрыс-бір жақ бүйірге бір кең адым жасап, екі қолды екі бүйірге жаза көтеру.
11. Негізгі тұрыс-екі қолды екі жанға жаза ұстап тұрып, бір аяқты тізеден бүге көтеріп және оны екі қолымен қапсыра құшақтап,кеудеге тигенше тарту.
12. Сол аяқ тура, оң аяқтың ұшын жерге тигізе артқа қойып, екі қолды алақанды алға қарата жоғары көтеріп тұрып, оң аяқты алға қарай көтеріп алақанға тигізу.
13. Негізгі тұрыстан қолды жерге тірей жүрелеп отырып, қайта түрегелу. 14. Негізгі тұрыс-екі аяқтың ұшын тигізіп ұстап тұрып, қолдың көмегінсіз тізерлеп отырып, тұру.
1-сурет. Еркін жалпы дамыту жаттығулары. Тек қана қолға арналған жаттығуларды тоқтаусыз орындап шық:
А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ж - негізгі тұрыс бастапқы қалпынан орындалады;
а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж - екі аяқты алшақ қойып тұру бастапқы қалпынан орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |