Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас схемасын бекіту туралы


Су пайдаланушылардың талаптары (гидроэнергетика, кеме жүру, табиғи қорғау және т.б. су жіберулер)



бет21/32
Дата25.02.2016
өлшемі6.07 Mb.
#22819
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Су пайдаланушылардың талаптары (гидроэнергетика, кеме жүру, табиғи қорғау және т.б. су жіберулер):

Су пайдаланушылардың және табиғи қорғау, балық шаруашылық және т.б. су жіберулердің көлемдері 7.2.20 кестесінде бейнеленген. Қабылданған «Жоғарға – Ертіс су қойма каскадының су қорларын пайдалану ережелері» және «Қапшағай су қоймасын алғаш толтыру кезіндегі және қалыпты қолдану кезіндегі ережелер»-ге сәйкес Іле және Ертіс өзендерінің су шаруашылық баланстарында гидроэнергетика талаптары есепке алында.

Су жол көлігінің Ертіс өзеніне талаптары бойынша навигациялық кезінде кеме жүре алатын су деңгейін 20 сәуір 5 қараша арасындағы ұстауы қажет.

Жайық өзен сағасына су жіберулер уылдырық шашатын жерлерді суландыру және балықтың көшіп конуын қамтамасыз етуге арналған, сонымен бірге балық қорын сақтау және табиғи өзімен өзі өсіп – өну мақсатымен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде балықты семірту.

Астана, Ақтөбе, (Илик ө.) және т.б. су қоймаларының төменгі бьефіне су жіберулер ішінде санитарлық су алулар есепке алынған. Міндетті санитарлық су шығындары минималды айлық орташа су шығын мөлшеріне сәйкес, қамтамасыздандығы 95 %.

Ресей Федерация және Қазақстан арасындағы келісім шарттар негізінде белгіленген, ҚР және РФ арасындағы шекарасында санитарлық су жіберулер, Есіл және Тобыл трансшекаралық өзендерінде есепке алынған. Есіл өзенінде санитарлық су жіберулер 6 м3/с кем емес мөлшерде беруі қарастырылған (ҚР, Павлодар қаласы, 25 – 26 қараша, 2010 ж. Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп қолдану және қорғау бойынша жұмыс топтың Мәжіліс хаттамасы). Сондай – ақ, сирек қайталанатын аса суы аз жылдар кезінде ҚР өз тұтынушалырдың едәуір су тапшылығын жою үшін транзит су жіберулерді көлемін азайту шешімі қабылданды, бірақ санитарлық су жіберу көлемінен кем емес (1,0 м3/с), «Союзгипроводхоз» институтымен (1988 ж.) жасалынған, алдында қабылданған мемлекет арасында су бөлу ережесі. Тобыл өзені бойынша, Қостанай және Курганск облыс шекарасында Үй өзеннің құйылыс жерінің жағарғы жағында, кез келген суы аз жылдары судың деңгейі төмен болған мезгілінде Тобыл өзеннің минималды су шығыны Ресей - Қазақстан Үкіметаралық комиссия шешіміне сәйкес 0,5 м3/с көлемінде бекітілген. Табиғатты қорғау су жіберулер Жаңартылған Бас Сұлбасында бірнеше компонеттерге олардың атқарымдылық міндеті бойынша шектепліп бөлінген:

- ірі өзендердің алқаптарының және олардың көл, теңіз сағаларында экологиялық жағдайын және су деңгейін қалыпты түрде ұстау;

- Ертіс өзеннің жайылымын суландыруға арналған;

- Сырдария, Жайық, Нұра, Торғай, Шу және т.б. өзен бассейндерінде шаруашылық – экологиялық жүйелерінде экологиялық жағдайын қалыпты жағдайда ұстау үшін. Көлдер, шабындықтар, тоғай ормандар, сулы – батпақ жерлерден құралатын Сырдария дельтасының табиғи – шаруашылық кешенінің су пайдалануы 1,4 км3 көлемінде қабылданды ( қамтамасыздығы 75% кезінде). 39 м ден 42 м- дейін горизонт тербелісі кезінде теңіз су балансының негізінде САТ (САМ) су пайдалануы бекітіледі. Орташа сулы жылы Солтүстік Арал теңізіне су жіберу 3,0 км3 көлемде кем болмау керек.

Сарышығанақ су қоймасының су пайдалануы 0,69 км3 мөлшерінде қабылданған (су қоймасын толтыру жайлы соңғы шешім қабылданбады).

1992 жылғы 12 мамыр Қазақстан Республикасы Министірлер Үкіметінің «Іле – Балқаш бассейннің экологиялық мәселерін шешу бойынша іс әрекеттер» үкіміне сәйкес Балқаш көлінің деңгейін қажетті БЖ 341 м белгісінен төмен емес қалпында ұстау қажет. Сондықтан, Іле өзеннің су шаруашылық баланстарын есептеу кезінде, Қапшағай ГЭС жармасында қалған ағысты кейін бассейн аумағында оның пайдалануы Балқаш көленің талаптарынан сәйкес БЖ 341 м белгісінен төмен емес қалпында ұстау негіздеріне назар аударылды.

Іле атырауы транзит ағысының жоғалу аймағы болып табылады. Іле өзеннің атырауында ағыстың абсолюттік жоғалу мөлшері, атыраудың жоғарғы жағындағы ағысына байланысты, 1989 ж. Балқаш Сұлбасында алынған графигі бойынша анықталатын.

Ертіс алқабын суландыру (Мемлекеттік табиғи қорық мәртебесі бар) үшін табиғи қорғау су жіберулер 17 – 21 күнге созылатын 3500 – 3200 м3/с шығындарымен 75 % ауқаттылығы Бұқтырма су қоймасының су жіберу есебімен жүзеге асырылады, бүйір тармағы БГЭС және ШГЭС арасында және Шүлбі су қоймасының жұмыс істеуі. Жылдың сулығыны байланысты су жіберу көлемі 4,55 км3-тен 6,63 км3 дейін мөлшерде құрайды, орташа алғанда – 5,4 км3, ауқаттылығы 75 % кезінде – 5,4 км3, ауқаттылығы 95 % кезінде - 4,55 км3. Қазақстан өзендерінің бассейндерінде (Сырдария, Нұра, Торғай және т.б.) шаруашылық – экологиялық жүйелерге (ШЭЖ) едәуір көлемде су ағысы шығындалады. Бұл жерде суланатын ескі арналар, ойпаттар, көлдің ойыстары, тоғай – сай сала, сулы – батпақты жерлерде мекендейтін жануарлар мен құстар және сол жердегі тоғай орман, тал шілік, қамыстың, өсімдіктердің өсіп өну жері, сонымен қатар, жайылым жерлер және малды суғару көздері, шалғынды жерлер, балық аулау нысандары және халық үшін оазистер.

7.2.20 кесте



ҚР өзендер бассейнде табиғи қорғау, балық шаруашылық, санитарлық және басқа да су жіберулер.

Бассейн

Өзен бассейндері

Су жіберулердің мақсаттары

Су жіберулердің жылдық көлемі (млн. м3) ағыстың пайызды ауқаттылығы кезінде

көп жыл-дық ортақ мөлшер

75%

95%




1

2

3

4

5

6

Арал-Сырдария

Сырдария

Шаруашылық – экологиялық жүйелерге арналған (ШЭЖ)

 

 

 

өзен сағасы

5840

4560

3180

дельтасы

1400

1400

1120

Сарышығанақ су қоймасының су тұтынуы*

690

690

690

Табиғатты қорғау ( САМ үшін)

3690

1780

560

Балқаш-Алакөл

Іле

Іле өзенінде табиғи-экологиялық кешендер

4600

5600

7200

Гидроэнергетика

12240

12240

12240

Балқаш көлі

Балқаш көлінің табиғи – экологиялық талаптары

13300

14200

14800

Ертіс

Ертіс - НБ

Бухтырма


су қоймасы

Гидроэнергетика, табиғи қорғау (Ертіс өзенінің дельтасына арналған)

14200-14500

14600-16700

15400-16700

Ертіс - НБ Шүлбі су қоймасы

Гидроэнергетика

16800

16800

16800

Табиғи қорғау (Ертіс өзенінің алқабына арналған)

5700

5400

4550

Ертіс - ҚР және РФ шекарсында

Табиғи қорғау, навигациялық

14200

14200

14200

Есіл

Есіл - НБ

Астана


су қоймасы

Санитарлық

4,7

4,7

4,7

Есіл - ҚР және РФ шекарасында

Санитарлық

189

189

31.6

Жайық - Каспий

Жайық, Көшім тармағы (УК ҚОҚ)

Шарушылық- экологиялық жүйелер (ШЭЖ)

192

192

150

Төменгі Жайық

Шарушылық- экологиялық жүйелер (ШЭЖ)

57

57

57

Жайық өзен сағасы

Балық шаруашылық

6000

5000

3000-3500

Илек – НБ Ақтюбе

су қоймасы



Санитарлық

5,9

5,9

5,9

Ү. және К. Өзен

Шарушылық- экологиялық жүйелер (ШЭЖ)

18

18

18

Нұра-Сарысу

Нұра

Табиғи қорғау (сулы батпақ жерлергі арналған)

603

244

213

Сарысу (жағарғы жағы)

Санитарлық

0,6

0,6

0,6

Тобыл-Торғай

Тобыл - ҚР және РФ шекарасында

Санитарлық

15,8

15,8

15,8

Торғай

Табиғи қорғау (сулы батпақ жерлергі арналған)

544

153

30

Шу-Талас

Шу - Фурмановка а.

Табиғи қорғау, санитарлық және ШЭЖ

1250

1200

1000

Талас, Аса

Табиғи қорғау, санитарлық және ШЭЖ

34

34

34

Экологиялық және шаруашыдық – экологиялық жүйесіне жұмсалатын су ағысының шығындарын айыруға мүмкіндік берілмейді. Су ағысының ШЭЖ шын мәнінде ондай болмайды, себебі қандай болса да су (инфильтрация немесе судың тасуын қосқанда) экологиялық жағдайын қалыпты күйде ұстау жаратылады. Сондықтан осы шығындардың бәрі шаруашылық – экологиялық жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі, онсыз өзеннің келбеті су өткізетін арнаға айналатын еді. Сырдария өзеннің сағасында ШЭЖ және экологияға жұмсалатын су шығыны, өзен сағасына берілетін су көлемінен 40 % құрайды (Шардара су қоймасынан су жіберу + Арыс ө. ағысы), Казгипроводхоз жұмысында қабылданды.

Теніз – Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы – батпақты жерлердің су талаптары ретінде мыналыр қабылданған:



  • Нұра және Құланөтпес өзендері бойынша Қорғалжын көлдеріне орташа көпжылдық су көлімі 277 млн.м3 құрау қажет;

  • Теніз көліне 326 млн.м3, барлығы – 603 млн.м3;

Қорғалжын көлдер жүйесінде (Сұлтанкелді көл. су деңгейінің қабылдаған белгісі) судың орташа деңгейдін есептік белгісі БЖ 308,8 м құрайды. Су аз жылдары 75 % және 95 % қамтамасыздануында Қорғалжын көлдер жүйесінің су деңгейі төмендеуіне рұқсат етіледе, бірақ, абсолютті байқалған БЖ 304,5 м. белгісінен (Теніз көл. деңгейінің қабылданған белгісі) төмен емес болуы қажет. Сонымен қатар, балық шаруашылақтың ықыласын есепке алғанда, сонда Нұра және Құланөтпес өзендерінің тармақтары бойынша 244 млн.м3 (Р=75 %) және 213 млн.м3 (Р=95 %) төмен болмау керек.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы және Торғай, Сарықопа мемлекеттік табиғи кіші қорықтың сулы – балшықты жерлердің суға қойылатын талаптарының толықкөлемді зерттеулер, халықаралық мәні бар болғандығына қарамастан, жүргізілген жоқ.

Торғай сулы батпақты жерлер және Сарыкөпе мемлекеттік табиғи қорғалатын аймақтар және Наурызы́м мемлекетті́к табиғи́ қорық, олардың халықаралық маңызы бар болуына қарамастан, суға қойылатын талаптарды толық көлемде зерттелмеді.

Берілген жұмыста сулы батпақты жерлердің суына қойылатын талаптарын анықтау негіздеріне алдын ала жағдайлар жатқызылған, көлдерде оптималды су деңгейін ұстау үшін табиғи жағдайда орын алған тармақтың көлемін қажет етеді.

Осы принцип бойынша бекітілген Торғай, Улькаяк, Сары – Өзен, Теке, Наурызым – Қарасу жалпы су келу орташа сулы жыл мөлшеріде алғанда 544 млн.м3 құрайды, суы аз жылдарда 153 млн.м3 (Р=75 %) және 30 млн.м3 (Р=95 %) құрайды.

Су қоймаларда және Жайық – Каспий бассейндегі арналарында (ЖК ҚОҚ, Үлкен және Кіші Өзен және т.б. өзендерінің бассейндерінде көлшіктердің тартылуы) қажетті су жиегінде ұстау және оларды толтыруға арналған су беру, кешенді су пайдалану үшін су беру балық шаруашылық және табиғи қорғау қажеттіліктеріне бөлмей қарастырылады.

Осы барлық қажеттіліктерге 250 млн.м3 шамасымен қолданылады.

Табиғи кешендер көлдер және басқа су айдындар, өзеннің сағасында орналысқан, оларға табиғи қорғау мақсаттарымен су беру көлемі қалдық принципі бойынша анықталды, бірақ көлемі байқалған табиғи күйден кем болмау керек.



Ағынның жоғалу

Қазақстан Республикасының өзен бассейндерінде ағынның жоғалауы алдын ала су бітенің бұланыу және су қоймалардың арнасына сүзілу, сонымен қатар өзен арнасында ағыстың табиғи шығындары, негізінде, төменгі ағыстың таралу аймағы және шаруашылық – экологиялық жүйесінде (соңғысы жоғарда қарастырылған). Ірі су қоймаларының бетінен судың булану шығындары көп жылдық ағыс тізімі бойынша су қойма жұмыс режимдерінің есеп айыру процессінде анықталады, туынды дай орташа әр бір нақты жылдың су қоймалардың айна аудандарында көп жылдық көрінетін булану қабаты 7.2.21 кестесінде келтірілген. Көрінетін булану қабаты буланыдың айырмашылығы және жауын – шашын көлемі бойынша анықталды. Орташа көп жылдық көрінетін булану қабаты су қоймалардың орналасуына байланысты 368 – 993 мм. құрайды.

7.2.21 кесте

Ірі су қоймалардың беттінен көрінетін булану, мм.



Бассейн

Су қойма

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

жыл

Арал-Сырдария

Шардара

0

0

0

33

113

183

208

197

141

27

11

0

913

Балқаш-Алакөл

Қапшағай

-13

-9

-12

27

59

113

160

198

124

51

16

-14

700

Бартоғай

 

 

 

36

50

83

122

114

81

45

 

 

531

Бестөбе

3

44

17

33

44

37

35

56

49

42

11

-3

368

Ертіс

Бұқтырма

-19

-13

-1

19

115

146

221

180

154

52

10

-22

842

Шүлбі

-20

-16

-23

52

72

101

112

127

127

65

-6

-30

561

Есіл

Вячеслав

-32

-24

-33

1

107

146

128

123

76

20

-20

-32

460

Сергеев

-14

-14

-15

1

64

98

110

100

82

46

-20

-25

413

Жайық-Каспий

Ақтөбе, Қарқаралы

-21

-18

-20

57

113

145

154

152

101

47

-12

-28

670

Нұра-Сарысу

Самарканд

-17

-15

-20

-4

88

118

115

107

72

17

-21

-19

421

Шерубайнұра

-17

-15

-20

-3

94

127

122

114

77

21

-21

-19

460

Кенгір, Жезді

7,1

5,5

6,9

27

138

192

214

207

121

61

11

3,8

993

Тобыл-Торғай

Жоғарғы-Тобыл

-13

-11

-12

47

111

128

115

113

76

25

-22

-16

540

Қаратомар

-13

-11

-12

45

105

121

109

107

72

23

-20

-16

510

Шу-Талас

Тасөткелді

28

61

36

57

65

103

112

100

77

28

-20

-1,6

645

Шағын су қоймаларда су булану шығыны жоба бойынша қабылданды. Жобалардың жоқ болған жағдайда шығындар орташа көп жылдық су қойма су айнасының ауданының көрінетін булану қабаты туынды дай анықталды, су айнасының ауданы НПУ кезінде 60 % сәйкес. Су қоймалардың су беттінің булануы булану картасы бойынша анықталды. Жауын – шашын мөлшері ең жақын метостанция көрсеткіштері бойынша климаттық мәліметтер бойынша қабылданда. Шағын су қоймаларда орташа көп жылдық су шығын көлемі 7.2.23 кестесінде көрсетілген.


7.2.23 кесте

Шағын су қоймалырдың беттінен буланатын судың шығыны


Бассейн

Көзге көрінетін булану, млн. м3

Арал-Сырдария

70,4

Балқаш-Алакөл

9,8

Есіл

47,3

Жайық-Каспий

219,6

Нұра-Сарысу

13,4

Тобыл-Торғай

10,2

Шу-Талас

42,8

Су қойманың фильтрация шығындары жоба бойынша қабылданды, су қойманы пайдалану ережесі немесе су қоймалардың су баланстары жайлы БИ мағұлматтары негізінде. Соңғы жағдайды алатын болсақ ол су қоймадағы су қордан су қойманың сүзілу көлеміне байланысты.

Су қоймада судың мұзға айналуы шығындары баланстарда есепке кірмеді.

Орталық, Батыс және Оңтүстік Қазақстан көптеген өзендердің өзгешілік негіздері өзен арнасының төменгі жақтағы учаскілерде аллювиялық шоғырланған қалың қабатында судың жедел фильтрациялануы. Солтүстік Балқаш маңайында арналардың құм мен немесе әктас шөгінділер мен қыйлысатын жерлерде арналық шығын көлемі анағұрлым үлкен. Солтүстік Балқаш бөлігінің бір де бір өзені (жер үсті сулар) өзінің суын Балқаш көліне алып келмейді, осылай жедел арналық ағынның жоғалуы түсіндірсе болады. Арналық шығындар есеп айыруға қиын келеді, сондықтан Казгипроводхоз бұрынғы жұмыстары, осы әдебиет көздерінен немесе қалдық принципі бойынша мәліметтерге қарап қабылданды. Есептік учаскінің бас жағында және бітетін жерінде гидрометриялық мәліметтердің бар болуы және су алу және ағыстың шығып кетуі баланстық тәсілмен анықталады (Нұра өзені және т.б.).

Арналық ағын шығындары жылдың сулығына байланысты өзгеруі мүмкін және 90 – 100 % дейін жете алады.

Кейбір бассейндерде ағыстын қайтарылуы және ағыстың жоғалу зонасынан төмен ағыстың жерден шығуы. Мысалға, Ертіс ө. бассейннінде Шүлбі а. төмен жағында көктем мезгілінде сәуір – мамыр айларында өзен алқабын су басқанда судың акумуляциясы жүреді және төменгі жармада ағыстың төмендеуі байқалады. Кейін маусым айында су призмасы жұмыс істей бастайды, төменгі жармасында су ағысының шығыны ұлғаяды. Мүмкіншілігіне қарай, бұл құбылыс су шаруашылық баланстарын есеп айыру кезінде есептеледі.



ҚХР аймағындағы Іле және Қара Ертіс өзендерінен су алуы

ҚР және ҚХР шекарасын 25-ке жуық су ағысы кесіп өтеді, олардың ең ірі өзендердің бірі Ертіс және Іле өзені болып табылады, бұл өзендер экономикалық және әлеуметтік-экологиялық тұрғыдан қарасақ Қазақстанға ең маңызды болып табылады.

ҚР және ҚХР (м/м Бұран) шекарасында Қара Ертіс ө. ығысының әртүрлі бағалау бойынша 10,7-ден 9,8 дейін деңгейінде тербеледі. Біріншіден шаруашылық қызмет салдары әсерін тигізбеген табиғи ағыс. Екіншіден – Қытайда тарихи су алу (су пайдалану) есептеуімен ағысты қамтып көрсету, бөлек уақыттарда Қара Ертіс ө. бассейннінде орын алған, өзен бассейндерінде ығысты өлшеп бастағанның алдында.

Сонымен, сол уақытта табиғи ағыстың және өлшенген (шын мәнінде) ағыстың айырмасы ҚХР –да Қара Ертіс ө. ағысының қолдану көлемі көрсетіді.

ҚХР – да бұрыңғы заманнан бері қолданып келе жатқан су қорлар 0,9 км3 көлемінде «Заңды» мәртебеге бекіту, әлбетте, қиын болады (немесе мүмкін емес), себебі бұл даулы мәселе. Бұл ағыс траншекаралық суларға қатысты болмайды деп күтілу мүмкін. Бұл жағдайда трансшекаралық Қара Ертіс ө. ағысы қабылданған 1938-дан 1972 жж. дейін есептелген орташа меншікті - табиғи су қорлар көлемі жылына 9,8 км3.

Ескерту қажет, 9,8 км3 шекаралық су қорлардың 2,0 км3 Қазақстан аумағында қалыптасып және Қытай аумағындағы Қара Ертіс өзеніне құйятын Ақ-Қаба, Қара-Қаба және Белезек өзендірінің ағысынан құралады.

Сонымен, Қытай бөлігінде Қара Ертіс ө. бассейннінде іс жүзінде су қор көлемі 7,8 км3 құрайды.

Сөйтіп, келешекке су шаруашылық баланстарды есеп айыру кезінде шығындар баланс бөлігінде ҚХР болжамданған жалпы су алу көлемі емес, ал олардың тарихи су алу көлемінен асқаны 0,9 км3 мөлшерінде.

ҚХР келешекке жоспарланған Қара Ертіс өзен бассейннінде су қорларын пайдалу жайлы мәліметтер мүлдем белгізіс.

Бүгінгі күнде Қытай мен Қазақстан арасында Ертіс өзеннің ағысын бөлу жайлы ешқандай келісім шарт жоқ, бірақ трансшекаралық өзендер бойынша су қорларды тиімді пайдалану жайлы келісімсөз 1999 ж. мамыр айынан бастап жүргізіліп жатыр.

Ұсынылған нұсқа бойынша ертіс ағысын ҚХР-да су алу көлемі шамамен:

2015 ж. – 5,0 км3 (қосымша 4,1 км3);

2020 ж. – 5,6 км3 (қосымша 4,7 км3);

2030 ж. 6 км3 (қосымша 5,1 км3);

2040 ж. – 6,3 км3 (қосымша 5,4 км3) құрайды.

Сонымен қатар, Ертіс өзен бассейнніне ұқсас, Іле ө. бассейні бойынша су шаруашылық есеп айыруда, ҚХР – да су пайдалану көлемі қосымша өсуп кету мүмкіндігін есептей отырып болашақта әлде жітіп қалған деңгейіне (1970 ж. дейін) 1 - 2 км3 құрайды.

ҚХР аумағында болашаққа жоспарланған су алу және оның динамикалық өсуі жайлы нақты ресми мәліметтер жоқ. ҚХР-ғы ҚР елшілігі мәліметтері бойынша 15.10.2004 ж. ҚХР аумағында Іле ө. бассейнінде пайдаланылған судың жалпы көлемі шамамен 5 км3 құрайды.

Қазақстан мамандарының кейбір сараптақ бағалауына сәйкес, Қытайда Іле ө. ағын шығыны жақын болашақта 7,4 км3 жетуге мүмкін.

Бірақ, бұл көлемді жақын 10 жылдықта қамтуды аса күмәнді, Жаңартылған БасСұлбада бұл жағдай қарастырылмаған.

Қытайда Іле өзен ағысын алдын ала орындалған бағалауы бойынша жалпы су алу көлемі:

2015 ж. – 3,5 км3 (қосымша 1,5 км3 );

2020 ж. – 4,0 км3 ( қосымша км3);

2030 ж. - 5 км3 (қосымша 3 км3);

2040 ж. – 6,4 км3 (қосымша 4 км3).

Сонымен бірге, Іле ө. қайнар көздерінде су көлемінің көбеюі көлемі 1 км3 (2015 – 2030 жж.) және 1,4 км3 (2040ж) мүмкіншілігіне назар аударылды.

Ресей Федерацияға және Өзбекстанға берілітен міндетті ағын көлемі

Қазақстан республикасымен және Ресей федерация арасындағы шекарада Есіл, Тобыл, Ертіс трансшекаралық өзендер бойынша қосымша санитарлық және басқа да су жіберулер мен қатар Орь, Илек, Хобда трансшекаралық өзендер бойынша міндетті су жіберулер қарастыралған. «Урал өзен бассейні бойынша жұмыс топтың мәжіліс хаттамасына» (19.06.1996 ж.) сәйкес, осы өзендер бойынша берілетін жалпы ағыс көлемі орташа сулы жылы 808 млн.м3 көлемінен төмен болмау керек, суы аз жылдары – 350 млн.м3 (Р=75 %) және 113 млн.м3 (Р=95 %) көлемінен кем болмау қажет.

Өзбекстандағы Айдаркөл – Арнасай көлдер жүйесін сақтап қалу үшін Шардара су қоймасынан (Сырдария ө.) қамтамасыздығы 50 % және оданда аз болғанда 1,0 км3 көлемде су жіберу жоспарланған.

Жер асты суларды пайдалану кезінде өзен ағысына тиетін зияны

Жоғарыда айтылып кеткен су балансының шығындар баптарынан басқа су шаруашылық есеп айыру кезінде жер үсті және жер асты сулардың арасында гидравликалық байланысы бар болу кезінде жер асты суларды іріктеу арқасында өзен ағысына тиетін залалдары ескерілді (7.2.24 кесте)



Су қоймалардың топографиялық сипаттамасы

Ірі су қоймалардың топографиялық сипаттамасы бойынша келешекке ағысты реттеу есеп айырулар орындалды, су қоймалардың қолдану ережелерге және жобаға сәйкес қабылданған.

7.2.24 кестесі

Жер асты суларды іріктеу негізінде жер үсті ағыстың азаюы (жер асты суларды алу мөлшеріне байланысты, пайыз түрінде)



Су шаруашылық бассейндер аталуы

Жер үсті ағысына тиетін зияны, %

Су шаруашылық бассейндер аталуы

Жер үсті ағысына тиетін зияны, %

Арал-Сырдария

31

Жайық-Каспий

48

Балқаш-Алакөл

48

Нұра-Сарысу

55

Ертіс

59

Тобыл-Торғай

31

Есіл

49

Шу-Талас

38

Келесі су қоймалар бойынша жобалық сипаттамалар нақтыланды:



  • Есіл өзен бойындағы Вячеслав су қоймасы (МКМ «Астанагорпроект» 2000 ж. нақтыланды).

  • Ертіс өзені бойында Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары (ЖАҚ «Казгидропроект» соңғы мәліметтері бойынша сипаттамаларға түзетулер еңгізілді)

Қазіргі уақытта Шу өзен бойындағы Тасөткелді су бөгетінің техникалық жағдайының төмен болуына байланысты сейсмологиялық шарттарына сәйкес Тасөткелді су қоймасын толтыру көлемі қысқарды. су бөгетін күшейткенен кейін 2020 ж. су қойманы жобалық көлемге дейін толтырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет