Султанова нургуль камильевна



бет15/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мұң-шер әндері



  • Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы.

  • Қоштасу әндері – жақын адамынан айырылудың күйініш-қайғысы.



  • Жоқтау – адам қазасына байланысты (бақ-дәулеті, атақ-абыройы) айтылатын азалы рәсім. Дауыс айту – жоқтаудың ең ұзақ және көлемді, мазмұнды түрі.




Сабақтың тақырыбы: Жыр және опера 1 түрі

Сабақтың мақсаты:

-          оқушылар музыкалық шығармалардың күрделі құрылысы мен мазмұнын ұғындыру,

-           ұлттық музыкадағы халық ән-күйлердің тәрбиелік мәні мен мазмұнын, ерекшелігін түсіндіру

-          Оқушылардың музыка тыңдауға, орындауға баулу және музыкалық сауаттылығын кеңейту



Тәрбиелік мақсаты: халық музыкасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақ әдісі: деңгейлік саралап оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту, компьютерлік оқыту технологияларының әдістері

Көрнекілігі: магнитафон, нота жазылған плакаттар, домбыра, интерактивті тақта, компьютер.

Тірек ұғымдар: адалдық, ерлік, батырлық, шынайы махаббат

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Пайдаланылған әдебиет: «Қыз Жібек» эпосы


р/с

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

І

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту



        - Оқушылармен сәлемдесу.

-

-          - Дауыс жаттығуын жасау.



-          (Дауыс ашу үшін хормен «Біз бақытты баламыз» әнін айтқызу)

- Сәлемдесу

«Біз бақытты баламыз» әнін айтады.



5 мин

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Экспресс сұрақтар қою:

-          - «Қыз Жібек» операсын кім жазды?

-          Брусиловскийдің өмірі жайлы қысқаша айтып бер?

-          - Опера дегеніміз не?

- Операның қысқаша мазмұнын еске түсірейік.

- Қыз Жібектің ариясында орындалатын ән қалай аталады?

- «Гәккудің»  бір шумағын орындап көр.

-«Гәкку» кімнің әні?

- Ыбырай Сандыбайұлы кім?


Сұрақтарға жылдам жауап берулері керек.

5 мин

Жаңа сабаққа қызығушылықты ояту

Ыбырайдың әнін жаңартып айттық.

Ал, ыбырай өзі «Гәккуді» қалай орындаған екен, тыңдайық.



Үнтаспадан «Гәкку» әнін тыңдайды.

2 мин

Кіріспе – қызықтырушылық жұмыс

«Әнші бар Көкшетауда талай ірі,

Ыбырай топ жарғанның ол да бірі.

Әні бар «Гәкку» деген аңқылдаған,

Аққудай айдын көлде қаңқылдаған – деп Ыбырайдың әншілігін осылай көрсеткен  Сәкен Сейфуллин өз поэмасында.»- деп мәнерлеп оқып, төмендегі сөздерге сөздік жұмысын жүргізу

-          Талай ірі

-          Топ жарған

-     Айдын көл


Тыңдайды, ой түйеді, жаңа сөздерді жазып алады, жаңа сөздерді қатыстырп сөйлем құрайды.

3 мин

ІІІ

Жаңа сабақ

- «Қыз Жібек» операсында негізгі кейіпкерлер - Төлеген мен Бегежанның бейнесі. және операдағы халық бейнесі.

1- слайд


Төлегеннің суреті.

Төлеген – батыр, ел қорғаны,  махаббатқа адал, жауыздыққа жаны қас ер жүрек, сұлу жігіт ретінде суреттеу.

- Үнтаспадан «Қос барабан» әнін тыңдату.

- Дәптерге сезімдеріңді түсіруге тапсырма беру



Қыз Жібек, Төлеген, Бекежан, Шегелерге мінездеме береді.

Төлегеннің мінездемесіне қосылады.

«Қос барабан»әнін тыңдайды. Дәптерлеріне әннің интонациясын белгілеп қояды.

Дәптермен жұмыс жасалады.



3 мин

2 мин


5 мин

ІҮ

Музыкалық сауаттылыққа баулу жұмыстары

2- слайд

Бегежанның суреті

Бегежан операда жағымсыз кейіпкер ретінде табылады. Оның:

- Жібекке деген шынайы махаббаты -  -Төлегенді жеккөрушілігі туралы мағлұмат беру.

Ой қозғау сұрақтары:

-Операдағы Бекежанның мінезімен байланысты музыка қалай берілген?

- Ән қалай аталады?

(Халық әні «Аққұм» орындалады)

- Үнтаспадан әннің бір шумағын тыңдату..

- Дәптерге Бегежанның ариясы «Аққұмның»  интонациясын белгілетіп жаздыру.

3- слайд

Шегенің суреті.

-Шеге – жағымды кейіпкер.Ол –суырып салма ақын, халық өнерпазы Жібектің ақылшы ағасы.

Топтық тапсырма

1- топ. Төлегеннің жақтаушылары.

2-топ–Бегежанның жақтаушылары

(опералық дауыспен өз кейіпкерлерінің рөлін ойнау)


Әнді тыңдайды.

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Шеге -Төлегеннің досы

Екі топ өз батырларын мақтайды.

Екі оқушы шығады.


10 мин

Ү

Бекіту

Қорытынды түсініктеме

Халық ауызәдебиетінің бір түрі - лироэпостық жырлар «Қыз Жібек» жыры лира эпосқа жатады. Өнерге, әнге жақын ауызәдебиеті бір-бірімен  тығыз байланысты. Халық ауызәдебиеті біздің рухани қазынамыз.



Тірек конспект жазады.

3 мин

ҮІ

Музыкалық сауаттылық

Тақтаға-  «Ария», «Ариоза» ережелері ілінеді, түсіндіріледі.

Оқушылар оқиды, дәптерлеріне жазады.

5 мин

ҮІІ

Сергіту сәті.

Хормен жұмыс әдісі



«Бір бала» әнімен жұмыс

Оқушылар орындайды




ҮІІІ

Үйге тапсырма

Бағалау


«Қыз Жібек» операсындғы Төлеген, Бегежен, Шегелерге мінездеме жазып, салыстырмалы кестеге түсіру.

Үй тапсырмасын жазып алады. Жырдан қалаған шумағын жаттау




Сабақтың тақырыбы: Жыр және опера 2 түрі.
Сабақ, қазақтың музыкалық өнерінің этникалық айырмашылығы, оның тұрмыстық түрлері, дүниетанымдық аспектілері және дәстүрлі көркем мәдениеттің ерекшеліктерін меңгерту негізінде. Сабақта оқушы өз халқының, оның мәдениетінің біте қайнасқан бір бөлігі ретінде сезінбейінше рухани дамудың мүмкін еместігіне көзі жетуі керек.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы табиғи музыкалық көркемдік қабілетін ашу, эмоциялық сезімін, білімін, этно – мәдениетін көтеру.

Білімділік міндеті: Сазгер зерттеуші Е.Брусиловскийді таныстырып, опера ұғымын түсіндіру.

«Қыз Жібек» операсынан «Би мен хор» - үзіндісін үйрету.

Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін үйрету.

Тәрбиелік міндеті: Әсемдік әлеміне музыка арқылы жетелей отырып сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қоршаған дүниенің шындығын көркем өнермен түйсіндіру.

Дамыту міндеті: Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдай білуін, орындаушылық машығын, тәрбиелеуде сауаттылығын, вокальді хор дағдысын қалыптастыруды дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: Сазгер, әншілердің суреттері. Музыкалық ұғымдар, ән, операдан үзінділер.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет, театр, би.

Сабақтың барысы:


  • Сәлемдесу. Мұғалімнің кіріспесі, сабақа дайындықтарын тексеру.

  • Үй тапсырмасы Е.Брусиловский туралы еркін жазу тапсырмасын сұрап, толықтыру.

  • Жаңа сабақты ұй тапсырмасымен сабақтастыру.

  • Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығын толықтыра отырып, опера – ұғымына қайта айналып соғу тәсілі арқылы қайталау.

Опера – дегеніміз театр сахнасында қойылатын музыкалық – драмалық шығарма. Операның негізі өлең – сөзден, сахналық музыкадан құралады.



  • Е.Брусиловский тұңғыш қазақ операсын жазушы, «Қыз Жібек» операсын жазған. Операның музыкасына негізінен халық ән – күйлерімен халық композиторларының ән – күйлерін алған. «Қыз Жібек» операсындағы басты кейіпкер – Жібек. Жібектің тұңғыш операдағы рөлін К.Байсейітова орындаған.

  • Операның қысқаша мазмұны мен кітаппен жұмыс арқылы танысу.

  • Операның либреттосын, яғни әдеби поэтикалық сөзін жазған жазушы Ғ.Мүсірепов ағамыз.

Либретто – опера, балет және ораторияның әдеби – поэтикалық мәтіні.

  • Ендеше осы «Қыз Жібек» операсынан «Би мен хорды» үйренейік.

  • «Би мен хорды» таныстырып, әуені сендерге таныс па? Мағынасы нені айтып тұр?

  • Халық күйі «Кеңестен» үзінді орындап тыңдату.

  • Халық ән – күйлері деп қандай ән – күйлерді айтамыз?

  • Жауап алғаннан кейін «Би мен хорды» сергіту сәті, жаттығу ретінде үйрету.

  • Операның негізгі әуені басты ариясы ретінде Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» - әні алынған.

Бұл әнді хор мен оркестр орындап отырады. Жібектің жан дүниесі, сұлулығы, мөлдір махаббаты нәзік сарынды «Гәкку» әнімен берілген.

Музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуені бүкіл шығарма бойына жүріп отыруын – лейтмотив дейміз.

Операда «Гәкку» әні Қыз Жібектің ариясы ретінде алынған.

Ария – дегеніміз белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.



  • Сол әннің бүгін бір түрін үйренеміз.

Әнді үйрету әдістерін пайдалана отырып, вокализден бастап үйрету.

  • Ән мәтінін «Ән не айтып тұр?» деген сұрақ арқылы нақтылаймыз.

  • Қорытындылау.

  1. Қазақ операсының негізін қалаушы кім?

  2. «Қыз Жібек» рөлін операда ең алғаш орындаушы кім?

  3. Лейтмотив, либретто, ария дегеніміз не?

Сонымен опера неден тұрады?

Қорытынды-бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.

  1. Құрманғазы. «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», «Кісен ашқан».

  2. Тәттімбет. «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ».

  3. Сөзі: Х.Талғаров. Әні: И.Нүсіпбаевтікі. «Домбырасыз сән қайда»

Сабақтың мақсаты:

Білім беру – күйшілердің өмірі мен шығармалары туралы нақты, тиянақты таныстыру.



Тәрбиелеу – балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетиккккалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтыпқастерлеу, өнеерлі оқушы болатынына сендіру.

Дамыту – музыклық қабілеттерін арттыру. Ән айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың шығармашылық белсенділініг түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет, музыка.

Көрнекіліктер: композиторлардың суреттері, тақырыптық сурет салынған плоакаттар, мақал-мәтелдер, үнтеспа, баян, домбыра, буклет, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Сарыарқа күйімен кіреді.

Ұйымдастыру кезеңі: Музыкамен сәлемдесу. Тақырыбын тақсатын айту.

Сұрақ «Күй дегеніміз не?»

Қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты ұлттық музыка аспаптарында орындалатын әуентер КҮЙ деп аталады.

Музыа аспаптарында орынталатын шығармаларды аспаптық музыка дейміз.

Күй – бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, адам сезімдері, түрлі оқиғалар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, лирикалық күйлер, тарихи күйлер болып жіктеледі. ХҮІІІ ғасырда Байжұма, Есжан, Байжігіт, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен танымал болған. ХІХ ғасырда күйшілік өнердің одан әрі дамуына Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина, Сүгіз сиЯқты күйшілер өз үлестерін қосты.


  • Біз кімнің қандай кйінің әуенімен класқа кірдік?

  • Құрманғазының «Сарыарқа» күйі (оқушылар жауабы).

  • Ендеше Құрманғазаның күйлерімен өміріне тоқталайық.

ХІХ ғасырда саса көрнекті композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол 1823 жылы Атырау облысында дүниеге кеоген. Кішкентайынан күй өнер арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы күрескен дара тұлға өзінің басынан кешкен өмірін қайғы-қасіретін күй тілімен жырлап өткен.

Мұғалім: - Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай? («Сарыарқа» күйін тыңдау).

Жауап:

- күй қуанышты, шаттықты білдіреді. Аттың шабысын, қазақтың ен даласының тіршілігін баяндайды.



- Балалар қарындаш көмегімен суреттейік. (Шынар суреті)

Жауап: - Қазақтың кең байтақ даласының сұлулығы, әсемдігі, күйшінің батырлық мінезі сезілгендей болады.



  • Бұл күйді қандай оркестрдің орындауында тыңдап отырсыңдар?

  • Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі.

  • «Сарыарқа» күйінің шығуы жайлы ел аузында мынадай аңыз әңгіме бар.

  • Құманғазы бірде түрмеден қашқан жолында Арқадағы Тәттімбетке соғып, қонақ болыпты. Сонда Тәттімбеттің сыйына риза болған Құрманғазы «Сарыарқа» күйн шығарыпты-мыс. Күйді тыңдап, айызы қанып, рахаттанған Тәттімбет «ендеше мен де саған күйц арнаймын» деп «Көкейкесті» күйін тартқан екен [44].

  • Құрманғазының «Адай» күйін тыңдап, көңіл-күйін, екпінін анықтау. Бұл тыңдаған кімнің күйі?

Құрманғазының «Адай» күйі. Құрманғазының жастарға арналған «Балбырауын» күйін тыңдау.

  • Көңілді, би ырғақты, екпіні тез.

  • Күй шертіледі, айналады.

  • Күй орындауының неше әдісі бар?

  • Екі әдісі бар: төкпе және шертпе.

  • Біз тыңдаған күйлеріміз неше әдіска жатады?

  • Төкпе.

«Сарыжайлау» күйін тыңдау.

  • күй нені көз алдымызға елестетеді.

  • Жайлаудың әсем сұлу табиғатын.

  • Бұл күй қандай әдіске жатады.

  • Шертпе.

Шертпе күй шебері, композитор Тәттімбет Қазанғапұлы Қарағанды облысы, Қу ауджанында 1817 жылы дүниеге келген Тәттімбеттің анасы Мөшеке ойға жүйрік, сөзге шешен, тапқыр адам болған.

Тыңдалған күйлерінің өзара айырмашылығы, ұқсастығы неде?

Әдісі, екпіні, көңіл-күйі, табиғатында.

Тәттімбеттің бестөре, «Былқылдақ», «Қосбасара күйлері ғасырлар бойы сан ұрпақтың рухани азығына айналып келеді.

Енді дауысымызды жаттықтырып алайық.


  1. «Киіз басук» әні.

  2. Құрманғазының «Ақбай» күйі.

  3. «Құстар әні» (Н.Тілендиев).

«Домбырасыз сән қайда» әні. Сөзі – Х.Талғаровтікі, әні – И.Нүсіпбаевтікі. Ақын, әнші композиторлар туралы айтылатын осы ір әнді орындайық.

Балалар, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергеніміз үшін КІМ БҰРЫН ойыны арқылы дұрыс бауап беріп, сабағымызды қорытындылайық.

Сұрақтары:


  1. Құрманғазы кім?

  2. Қандай күйдің атасы?

  3. Қай жерде туған?

  4. Қандай күйлерді тыңдадық?

  5. «Сарыарқа»ә күйінен алған әсерлері, оқушыладың өздері шығарған өлеңдері.

Сап-сары менің Сарыарқам,

Құрманғазы ата сенің арқаң.

Аталғаны жердің Сарыарқа,

Әсемдігіне таңқалып күнде жатам.

Қорытынды: Міне, балалар, дәстүрлі күйшлік өнер дегеніміз осы.

Тақырыбы: Қазақтың күйші – композиторлары

Сабақ мақсаты:


  1. Білім беру – қазақтың ұлтттық аспаптары, олардың шығу тегін білу, ақындақ жыраулық, жыршылық, сал-серілік, күйшілік өнермен таныстыру.

  2. Тәрбиелеу – қазақ еліне, жеріне, салт-дәстүріне, мәдениетіне, өнеріне, тарихына сүйіспеншілігін тәрбелеу.

  3. Дамыту – сөз өнерін, грамматикалық жұмысты дамыту.

Сабақ мазмұны:

  1. Өткен тақырып үй жұмысын тексеру. Құрманғазы, Дина, Нұрғиса Тілендиев, М.Төлебаев, Ш.Қалдаяқов әндері.

  2. Жаңа тақырып. Жарсыс түрінде өтеді – 8 кезең 1-топ – «Домбыра» 2-топ – «Қобыз»

  3. Сабақ қорыту.

Көрнекі құрал:

  1. Күйлер: (домбыра, қобыз): Құрманғазы, Дина, Н.Тілендиев күйлері.

  2. Аспаптар: домбыра, қобыз, асатаяқ, мүйіз, сырнай, саз сырнай, даңғыра, дабыл, шертер, жетіген, сыбазғы, шаңқобыз, үскірік.

  3. Керекті заттар: асықтар, бәйге аттары, 2 қамшы.

  4. Сурет көріністері: Алтыбақан, бәйге, айтыс, көкпар, қыз қуу және өткен заманның күйші-компзиторлары.

Кіріспе: Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Адам баласы жар салып жарық дүниеге келгеннен, бұ дүниемен қоштасқанаға дейінгі аралық, олардың әрбір баспалдағы, әрбір кезеңі өзіне лайықты той-томалақпен, қуанышепен аталып өткен. Қазақ қонақты құдайы күткен. Бұл қасиет қазаққа қанмен сіңген. Сондықтан бүгін келіп отырған қонақтарға сый көрсетіп, бәйге шаптырып, көкпар тартып, дастархан жаямыз.

Екі топ өз-өздерін таныстырады.

Біріншісі – «Домбыра» тобы.

(«Домбыра» күйі орындалды)

Екіншісі – «Қобыз» тобы. («Қобыз» күйі орындалады.)

Сабақтың барысы:

І кезең. Бәйге: Екі топтың бір-бір ойыншысы қаза күйші композиторларын айтады

ІІ кезең. Айтыс: Төрт ойыншы 2 топтан бір-біріне сұрақ беріп күйшілер туралы әңгімелеседі.

ІІІ кезең. Асық ату. 2 топтың жігіттері асық атып асықтың нөмірі бойынша аспаптарды атап, жазып әңгімелейді.

VІ кезең Көкпар. 2 топтың бір-бір ойыншылары тақырып бойынша грамматикалық салалас құрмалас сөйлем құрып оны талдайды.

V Кезең. Қыз қуу. 1- топтың қызы күйшіні атйды. 2- топтың қызы күйшінің шығармасын айтады. 1-топтың жігіті күйшіні айтады..

VI кезең: Аттыбақан. 2-топтың ойыншылары қазақ композиторларының әндерін айдары: 1-өлең («көзімнің қарасы»), 2-өлең («Менің Қазақстаным»)

VII кезең. Әзіл сықақ.



    1. Бір қазақ орысқа үйленіпті. Сөйтіп әйеліне «Қатын, мен жұмыстан кеолгенде тақиям сол шекемде болса менің көңіл-күйім жақсы, сыйлықты боласың. Егер тақиям оң шекемде болса, абайла, қамшының астанда қаласың», - депті. Оған әйелі: «Ей, мен тыңда. Егер сен жұмыстан келгенде менің қолым көкірегімде болса – сыйлы бесбармақты боласың. Егер қолым беімде болса сенің телпегің оң шекеңде ме, сол шекеңде ме түкіргенім ба ма?» - деп жауап беріпті.

Меңгеруші Әсетке: «Әсет сен балалармен араласа алмайсың. Адамға бере де білу керек, ала да білу керек дейді. Сөйтсе Әсет: Дәл солай. Мен Қанаттың құлағына бір бердім де, кәмпитін алдым [45].

VІІІ кезең. Асату. Екі топтың ойыншылары көздерін байлып, бір-бірін тортпен дәмдетеді.

Әділ қазыларға сөз біріміз.

Содан соң «Достар» жырын шырқаймыз.

Мұғалімнің сабақ бекіту сөзі.

Сабақтың тақырыбы: Тарихи күйлер

Пән атауы: Музыка 5 cынып

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Тарихи күйлер туралы толық мәліметтер беру. Тарихқа байланысты туған күйлердің тарихымен таныстыру. Саз тыңдату.

ә) Дамытушылық: Тарихи күйлер жайындағы білімдерін тереңдете отырып, оқушылардың сенімдерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Оқушылардың ырғақты сезіну, орындау, есту арқылы тыңдай білу қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру; өз бетінше естіген әуендерін талдай білуге баулу. Ұлттық өнерге баулу.

Сабақтың жабдықталуы:

а) Көрнекілігі: Жаңа тараудың аты мен жаңа тақырыптың аты жазылған лозунгтар мен плакатар, Ән жезылған кесте.

ә) Қолданылған әдебиеттер: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсенбенов. «Музыка» оқулығы. Алматы, «Атамұра» 2002 ж.

б) Техникалық құралдар: МР3 диск, үнтаспа, күйтабақ, күйсандық.

Сабақтың түрі: Кірістірілген аралас сабақ (тарих, музыка, әдебиет)

Музыкалық сауат: Вольта (1 23) белгісі

Әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, саз тыңдату, әңгімелесу

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бекіту

Білімдерін бағалау

Ұйымдастыру кезеңі: а) Музыкалық сәлемдесу

ә) Оқушылар назарын өзіме аудару

б) Оқу құралдарын алғызу, түгендеу

Сәлемет пе балалар? Қазақстан Республикасының әнұраны мен мектеп әнұранын орындайық. Енді оқу-құралдарымызда алып, маған қарап, тып-тыныш отырамыз. Бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Енді үй тапсырмасын ашамыз.

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақта үй тапсырмасы ретінде тарихи күйлерді оқуға берілген және «Елім-ай» әнін жаттау болатын. Кім сабақ айтады? Жаңа сабақ түсіндіру, жаңа сабақты бекіту.

Білімдерін бағалау: әр оқушыны өздері бағалайды.

Үйге тапсырма: Тарихи күйлерді оқу, «Домбырасыз сән қайда» әнін жаттау, музыкалық сауат оқу.

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Ертегілер елінде…

Мақсаты: 1.Білетін сүйікті ертегілерін еске түсіру, оқуға деген қызығушылықтырын арттыру. Ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау және білімге деген құштарлығын арттыру.

2. Кітапты көп оқуға баулу. Ойлау, сөйлеу, жүйелеу қабілеттерін дамыту. Әдемілікті, әсемдікті сезінуге баулу.

3. Шығармашылыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлға болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, тапсырмалар.

Түрі:Топтық сайыс

Жоспары: І.Ұйымдастыру.

ІІ.Білесің бе?

ІІІ.Танисың ба?

ІҮ.Жанкүйерлер, ойлан!

Ү.Ол кім?

ҮІ.Бұл не?

ҮІІ.Сөзжұмбақ «Ертегі»

ҮІІІ.Кім жылдам?

ІХ.Қорытынды. Марапаттау.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

Жүргізуші:

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Көңілді кеш жасайық!

Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Ертегілер елінде...» атты ойын сайысымызға хош келдіңіздер! Сайысымыз аты айтып тұрғандай, бүгінгі сайыс ертегілерге байланысты болады. Жалпы ертегі деген не?

-Олай болса, сайысымызды бастайық.

-Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Серігің болсын бойыңда. Бөлім «Білесің бе?» деп аталады. Бұнда қаншалықты зерек екендерің сыналады. Алдарыңда ертегілерден үзінді берілген. Сол үзінді қай ертегіден алынғанын табу керек. (2-слайд)

1-топқа: « Піс, қазаны, піс!»

2-топқа: «Ағаш, ағаш, маған жапырағыңды берші?»

3-топқа: Атасының тілегін орындаған балық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет