Султанова нургуль камильевна


Кесте 1. Жаңа ақпарттық технологиясының үш нұсқасы



бет5/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Кесте 1. Жаңа ақпарттық технологиясының үш нұсқасы


Тереңдетілген

Негізгі технология

Монотехнология

технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану

ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану

ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:



  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;

  • «ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау;

  • Берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейде дейін өсіру;

  • Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.

Компьютермен оқыту технологиясының жетістіктері:

1. Бағдарламалардың көп түрлілігі, жан-жақтылығы.

2. Бүкіл әлемдік «интернет» жүйесіне шығу мүмкіндігі.

3. Электрондық кітапханалармен жұмыс жасай алу.

4. «Интернеттің» түрлі жобалары мен олимпиада, конкурстарына қатыса алу мүмкіндігі.

5. Білім көрсеткіштерін тез арада тексеру, қорытынды жасау.

6. Диагностикамен анализ жасауда тиімділігі.

7. Белгілі бір саласында ғасырлар бойы жинақталған ой тұжырымдамалары мен мәліметтерімен таныса отырып, салыстыра алу мүмкіндігі.

8. Балалардың өз бетімен ізденуі, мәліметтерді жүйелей алу, сараптай алу дағдыларын дамытады.
СӨЖ тапсырмалары:


  1. Педагогикалық жүйе нені білдіреді?

  2. Бүгінгі таңда осы технология бойынша кімдер айналысқан?

  3. Орта мектеп буыны бойынша бір сабақ үлгісін көрсет?


Қолданылған әдебиеттер:
1. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий. М,2005 с 368

2. Образовательная технология ХХІ деятельность; ценность, успех.

М, 2004. с 96

3. Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений. А, 2001, 295 с

4. Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М, Педагогика1989

5. Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. \\ Ізденіс № 1 2004

6. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003

Тақырып 5. Музыкада педагогикалық инновация ұғымын қолданудың әдіс-тәсілдері – 5 сағ.
Жоспары:


  1. Инновация ұғымының анықтамасы.

  2. Инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіштері.

  3. Тесттік бақылаудың тиімділігі.

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, жоғары мектеп, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық еңгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай сепептермен түсіндіріледі?

Бірінші кезекте инновацияның өмірге келуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Инновациялық қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысты, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген конъюктураның бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуметәмен және басқа да факторлармен анықталады.

Технологияны, ұйымдастыруды, әдістерді үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да жаңалық енгізу кез-келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Инновациялық үрдісті жүйенің бір жаңдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты еңгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерінің маңыздылығы Н. Горбунова, М. Кларин, А.В. Лоренов, М. Поташник, П. Пидкасистый, Л. Романова, А. Найм, Т. Шамова, О. Хомерики және т.б. зерттеулерде қарастырылған. Осыларға сүйене келе ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс-жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері мен түрлерін көбіне жаңашылдық не инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама берілмеген. Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенова берген анықтамасы бойынша «инновация»-бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай-әдіс тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже-жаңалыққа бет бұрудың көзі.

Инновациялық үрдістің негізгі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. ХVІІ ғасырда

Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко мен В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың өолданған тірек-конспектілері,

С.Лысенкованың оза отырып оқыту әдістері, М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясы т.б., жаңалықтары, ой-идеялары қазірде қолдануға тиімді болып отыр.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғымның түп-төркіні белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айта аламыз. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзң инновация деп атаған.Осыларды негізге ала отырып «инновацияны»-«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инноваиця білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізу, тарату мәселелерін қарастыруда. Педагогикалық инновацияның негізгі міндеті-«енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу-деп көрсетеді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелерімен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетіне көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп қарастырамыз. Білімнің ағартушылық жүйесінде нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, өоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-қайшылық туындатады.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтасмтырады. Ал білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, өоғамдық мәселе бола отырып, бір мақсатты көздейді. «Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағытын анықтайды. Сондықтан оларды негіздеуге тар шеңберде қолданылатын міденттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды дейді А. Найм. Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол инновацияға қысқа мерзімді, өткінші ғана құбылыс деп қарамайды. Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге беру жүйесін де жаңалыққа тартады. Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар расындағы сырттан және бәләм берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай-жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, «мұғалім -оқушы» қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді. Педагогикалық инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар қызметінің нақты нәтижесі болып табылады. А. Колодин мен С. Смирновтың пікірлерінше, педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері жасаған жаңалықтар.



Озық инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіштері:

    1. Практикалық қолданбалылығы

    2. Жаңалығы

    3. Көкейкестілігі

    4. Ғылыми негіздемесі

    5. Тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі тұжырымдамаларына сәйкестігі

    6. Болашақтылығы

    7. Өмірге енгізу қажеттілігі

    8. Инновациялық үрдістің негізгі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі деп қарасақ, инновациялық әдістердің бүгінгі таңда кең қодау тапқан түрі-тест әдісі. Оқушының білім деңгейін, сапасын анықтауда тест - қазіргі заман талабына сай бақылаудың жаңаша түрі. Тест «тәжірибе, тексеру» деген мағыналарды білдіреді.

Тесттік жүйенің басты мақсаттары:

  • өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдеріне олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;

  • оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;

  • оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;

  • білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;

  • бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;

  • өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;

  • оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;

  • оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау жіне салыстыру;

  • оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсырмалар беріп, шығармашылық деңгейде көтеру;

Тесттік бақылаудың тиімділігі:

  • Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;

  • Тест алу оқушының белсенді, ұисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;

  • Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;

  • оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндігі артады;

  • Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;

  • Тест барысында әр сұраққа дұрыс, нақты жауап іздеуге оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақтылыққа дағдыландырады;

  • Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;

  • Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;

  • Тыңдалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;

  • 10.Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуын өз септілін тигізеді.

Тесттік жүйедегі сақталатын шарттар:

  1. Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;

  2. Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;

  3. Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;

  4. Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;

  5. Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі қажет;

  6. Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығулышығы қатаң ескерілуі қажет.

Белгілі ғалым, педагогика ғылымының докторы Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбегінде тестің төмендегі түрлерін атап көрсеткен:

  1. Баламалық тест

  2. Таңдамалық тест

  3. Қосымшалық тест

  4. Жұмбақтық тест

  5. Толықтырмалық тест

  6. Өлшемдік тест

Баламалық тест-жауаптың үлгілері «иә-жоқ», «дұрыс-бұрыс» түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана таңдап алады.

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әнұранның әнін жазған М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусловский ме?

иә, жоқ.

  1. Жартылық нотаның белгіленуі d-ма?

иә, жоқ.

  1. Шартты белгілер бойынша «музыкалық сауат?! Белгілене ме?

иә, жоқ.

Таңдамалық тесте бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуі дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлелдеп алуы керек.



  1. Төрттік нотаны анықта

  2. «Күй атасы» деп кімді атаған?

А) Қорқыт

Б) Құрманғазы

В) Дәулеткерей

3. Бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық шығарма

А) айтыс

Б) терме


В) күй

Қосымшалық тест-белгілі тақырыптықаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру үшін қолданылып, «қосымша» сөзді, нотаны тіркеуді қажет етеді.

Көп нүктенің орнына қай аспаптың түріне жатқандығын ажырат.

домбыра.... (ішекті).

4/3 өлшеміне байланысты берілген нотаның жанына тиісті үзақтықтағы нотаны қой.

Жұмбақтық тест - сөздерді, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін ажыратады. Тесттің жуабын шешемін деп отырып, оқушы жұмбақтың мазмұнына, оның құрамындағы сөздердің ішкі мағынасына ерекше ден қояды, әрқайсысына мән береді.

Тесттің бұл түрі санымен белгіленген бірнеше жұмбақ және нөмірленген бірнеше жауаптары, яғни жұмбақтың шешімі беріледі. Оқушы шешімін дұрыс тауып, олардың сандық белгілерін сәйкестендіреді.

Жұмбақтар:

Тиіп кетсе жылаған,

Дауысы көпке ұнаған.
Жоқтан бар ғып сайратқан,

Тыңдаған жан жай тапқан.

Таңғажайып бір нәрсе,

Үйдің ішін жайнатқан.


Ағаш, темір, қағаз, желім,

Бұлардан басын қосқан көрдім жерін,

Шырқырап неше түрлі ән салады,

Ішіне толтырып ап барлық желін.

Шешулері: гармон, домбыра, грампластинка.

Толықтырмалық тест - түсіріп қалған сөзді толықтыру шартымен байланысты. Бұл жұмысты ауызша да жүргізуге болады. Ол үшін оқытушы мәтінді оқып тұрып, сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді байқату үшін кідіріс жасайды. Осы сәтте оқушы сол сөзді тауып, өзінің ұағазына жазып қояды да, сөйлемнің нөмірімен белгілейді. Мәтін оқылып біткен соң, әр оқушы өзінің тапқан сөзін сөйлемнің расына қосылып, тіл үйренушілер бір-бірімен салыстырып, дұрыс не қате екенін анықтайды. Ал музыка сабағында сөздердің орнына ноталарды тастап дыбыс қатарын орындауға болар еді. Сөйтіп балалар есту қабілеттеріне сүйене отырып, қандай дыбыс орындалмай қалғанын ажырата білуі қажет.

Өлшемдік тест-оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі. Бұл тест бойынша бір сұрақтың бірнеше жауабы беріледі. Бірі-толық әрі дұрыс, екіншісі-жартылай дұрыс, үшіншісі-жартысынан азы дұрыс, төртіншісі дұрыс емес. Оқушы олардың ішінен ең дұрыс жауабын тауып көрсету керек.

1.«Пиано» деген динамикалық белгі қалай белгіленеді?

А) mf

Б) рp


В) р

Г) f


2. О-ұзақтықтағы нота нешеге саналады.

А) 1-ге, 2-ге

Б) 1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке

В) 1-ге, 2-ге, 3-ке

Г) 1-ге.

Оқушылардың білімі бен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында көрсеткішін анықтап, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы. Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушының жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.



СӨЖ тапсырмалары:

    1. «Инновация» дегеніміз не? Тәжірбиелік практикада осы инновация бойынша қандай тақырыптар өткіздің?

    2. Тесттің түрлеріне байланысты бірнеше тақырыптарға модуль құрастыру.

    3. Басқа да қандай әдіс түрлерін білесің және оның моделдерін қарастыр?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Сейтешева А.П. Білім берудегі инновациялық іс-әрекет // Білім, №2, 2002, 27-29б.

  2. Найн А.Я. Педагогические инновации и научный эксперимент //Педагогика, 1996. №5.

  3. Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика кек теория и практика нововедений. А, 2001, 295с.

Тақырып 6. Музыка сабағында педагогикалық инновацияның қолдану әдістері – 5 сағ.
Жоспары:

1. Инновациялық білімді жан-жақты меңгерту.

2. Инновацияның қолдану әдістері.
Адамзат алдында тұрған ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ ол келешек қоғам иесі. Ел тізгінің ұстар ақыл – парасты мол, мәдени-ғылыми мемелекеттік болашағы болатын ұрпақты тәрбиелеу, мектепте шыңдалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп оқушылары болғандықтан, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, бүкіл қоғамның және мемелкеттік назарында болып отыр. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер пен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық саналарын жан-жақты дамыту – қазіргі заманның басты мақсаты. Осы орайда, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын кеңінен қарарстырсақ, грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Технология – бұл белгілі бір шығармашлықта қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Педгогикалық технологияларды жалпы педагогикалық пәндік және локалды-модулды түрде қолдануға болады. Білім саласындағы мемеелкеттік саясаттың тұжырымдамасы: «Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылқ тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легі дүниеге эстетикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуы тиіс».

Қазіргі топтағы білім берудің жүйесінде педагогикалық технологи ялардың қамтитын 50-ден астам инновациялық технологиялар қолданылып жүргені мәлім. Осы орайда, жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологшиялары көптеп саналады. Т.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», В.Занковтың «Дамыта оқыту жүйесі», Неменцийдің «Әсемдікке баулу жүйесі», Ш.Амонашвилидің «Ізгілікті тұлғаны оқыту технологиясы», В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», Қазақстан – Сорос орталығының «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы т.б.

Педагогикалық технология дегенімізі – тәжірбиеде жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оқытудың жаңа техгнологиясына білім стандартының инновациялық құрамы жатады. Мектеп мұғалімінің инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білім, инновациялық білімді жан-жақты меңгерту, инновацияны өз тәжірбиесінде ендіру және қолдануды меңгеру.

Инновация түсінігі алғаш рет ХІХ ғасырда пайда болды. «Инновация» (innovatio) латын тілінен аударғанда жаңарту, жаңғырту, жаңалықтар енгізу, болып табылады. Н.В. Борисова, В.П.Бугрин сөздігінде «инновация» төмендегідей анықтама береді: әр-түрлі жаңалықтар; түбегейлі өзгертін жаңалық; практикалық жаңалық енгізу. Инновацияның үш түрін қарарстыруға болады:

Модификациялық инновация – бұл арада қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен (Шаталовтың тірек сызбасы).

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтарін қарастыру.

Радикалды инновация – білімге мемелекеттік стандартты енгізу. Мектеп алдында қойылып жатқан талап-тілектері түбірінен өзгерді, бұл өзгеріс прогрессивті оқыту әдістерін ендіруді талап етеді. Сол үшін жаңа оқытудың шоғырландырып оқыту, модульдік оқыту, дамыта оқыту, деңгейлік оқыту, ақпараттық технология бойынша оқытуды іске асыруымыз керек. Сондықтан да бүгінгі күні әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, білімді азамат етіп тәрбиелеу – біздің парызымыз. Олай болса музыка саласында халқымыздың өткеніне үңіліп, сол өнер қазынамызды оқушыфларға белгілі бір жүйелі бағытта теориялық және іс-тәжірбиеде қолдана білсе, сонда ған біз жас жеткіншектердің рухани байлығын шығармашылық бағытта тәрбиелей аламыз. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды жаңа әдіспен оқыту үшін мұғалім сол инновациялық технологияларды қолдану әрбір мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекешеліктерінен ескере отырып, педагогкалық мақсат- өзінің шеберлігінің мүмкіндігіне орай таңдап алады. Соның нәтижесінде ғана мұғалім жоғары жетістіктерге жете алады. Бұл жағдайда мұғалім тек оқушыны қамытып қана қоймайды, сонымен ған өзінің де жеке кәсіби қасиетерін жаңаша тұрғыда ашуына мүмкіндік туады. Қазіргі жаңа талартардың күнбе-күн өсуі мұғңалімнің әсіресе, музыка пәні мұғалімнің өмірден кеже қалмай, білімін үнемі жетілдіруін қажет етеді. Оқушылардың шығармашылық қабілетіне импровизацияда жатады. Импровизация-музыканы түрлендіре білу қабілеті. Музыка сабағында берілген әндерді өзгерту арқылы әртүрлі жанрларды жасап, дамыта орындауға болады. Бұл мәселені шешу үшін мына төмендегі жолмен санлы түрде іске асырылады:


    1. Оқушы алдына мұғалімнің нақты қойған мақсаты.

    2. Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.

    3. толық жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.

Сонымен, осындай ізденпаздықпен ойластырылып жаңа технологияны қолданып, өнер түрлерін бөлек-бөлек емес сабақтастыра беру оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін ұштап, болашақтың білікті маманы болып шығуына септігін тигізіп, тапқырлығын, әсершілдігін танытады деп айта аламыз.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Педагогикалық технологиы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Инновация сөзі қай тілден шыққан?

  3. Осы технологияға байланысты бір сабақ үлгісін көрсет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет