Свод правил республики казахстан


 Көлемдік-жоспарлық шешім



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Общеобразовательные

 
4.4 Көлемдік-жоспарлық шешім 
 
4.4.1 Жалпы білім беру ұйымдарының желілерін ұйымдастыру, түрі мен 
тұрпаты 
4.4.1.1 Қалалық және ауылдық жалпы білім беру ұйымдары ғимараттарының
желісін ұйымдастыру ұстанымдары, олардың түрлерінің номенклатурасы мен
типтері Г, Д, Е қосымшаларында көрсетілген.
4.4.1.2-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді. 


ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
 

4.4.1.2 Жалпы білім беру ұйымдарының оңтайлы сыйымдылығы 300, 600, 900 және 
1200 орынды құрайды.
Ірі қалаларда тығыз құрылыстар салу жағдайында жалпы білім беру ұйымдарының 
сыйымдылығын білім беру органдарының келісімі бойынша және сәулет-жоспарлау 
тапсырмасының негізінде жасалған жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес, білім 
алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарты бойынша 3000 орынға дейін жеткізе 
орналастыруға болады. Сонымен бірге, ұйымның ғимараты кешені түрінде, бірыңғай 
жалпы мектеп орталығы және бірнеше дербес оқу корпустарымен жобаланады.
Көп пәтерлі тұрғын ғимараттың бірінші және (немесе) екінші қабаттарындағы, жеке 
үйлердегі, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларда орналасқан жалпы білім беру 
ұйымдарында білім алушылардың сыйымдылығын 300-ден көп емес деп қарастыру керек.
4.4.1.3 Ауылдық елді мекендерде мектептер желісін төмендегі үйлесімде салу 
ұсынылады:
а) бастауыш, негізгі және орта мектеп
б) негізгі және орта мектеп; 
в) балабақшамен біріктірілген сыныптың толымдылығы азайтылған бастауыш 
мектеп (оқу-тәрбиелеу кешені); 
г) орта мектеп. 
4.4.1.4 Шағын және орташа ауылдарда сыныптардың толымдылығы азайтылған 
мектептерді жобалаған дұрыс.
4.4.1.5 Тұрғылықты жері бойынша туризм 35 %, көркем тәрбие 35 %, жас 
натуралистер мен техниктер 12 %, клуб жұмыстарының басқа да түрлері 18 % 
мамандықтар бойынша есептен мектептегі немесе мектептен мекемелердегі жұмыс түріне 
белсенді тартылмаған ықшамаудандағы балалар үшін клубтар жоспарлау ұсынылады.
4.4.1.6 Ғимараттың сәулеттік-типологиялық құрылымында функционалдық моделіне 
сәйкес мынадай кеңістіктік ұйымдар болуы тиіс:
а) жалпы білім беру ұйымдарының жайын екі негізгі оқшауланған топтарға бөлу 
керек – оқу және жалпы мектептік, ол болса, рекреациялық орталық, олардың арасын 
байланыстырушы топ болуы тиіс
б) жайдың оқу тобы осы жастағы топтарға қызмет көрсететін технологиялық жайлар 
арқылы мектептегі оқу I, II және III сатыларға сараланған болуы тиіс.
4.4.1.7 Оқу жайлары мынадай оқу секцияларына топталуы тиіс:
а) мектептегі 1-ші сыныптарды оқу секцияларында санитарлық тораптар бар үш 
сынып жайларынан аспайтын жайда қарастыру керек; 
б) оқу секциясындағы 2 - 4 сыныптарды санитарлық тораптар бар алты сынып 
жайларынан аспайтын жайда қарастыру керек; 
в) оқу секциясындағы 5 - 11 сыныптарға оқу сынып-кабинеттері, зертханалар мен 
санитарлық тораптар кіруі тиіс; санитарлық тораптарды оқу секциясынан тыс, алайда осы 
сыныптардың білім алушылары үшін жайдағы топта орналастыруға жол беріледі; 
г) 1, 2 - 4 сыныптардың, сондай-ақ 5 - 8 (9) сыныптардың оқу секция-блоктары басқа 
жастағы топтар білім алушылары үшін оқшауланған және өтетін жер болмауы тиіс. 
Бейінді оқытатын жалпы білім беру ұйымдарындегі, гимназиялар мен лицейлердегі 5 
- 11 сыныптардың оқу секцияларын оқшауламай жобалауға жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет