ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
7
4.3.6 Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін қабаттар мен кабинеттерде кемінде
екі тармақты эвакуациялық жол болуы тиіс.
4.3.7 Шыға беріс есіктің (эвакуациялық шығу жолы) алдында сыртқы есік төсемі
енінің 1,5 метрінен кем болмайтын тереңдікте көлденең кіреберіс алаңы болуы тиіс.
4.3.8 Ауданы 200 м
2
және одан да көп киім ілетін бөлмелерді түтін айдайтын
жүйемен жабдықтау керек. Түтін айдау желдеткіштері түтінге сезімтал өрт
хабарлағыштарынан тетік арқылы қашықтықтан қосылуы тиіс. Өрт кезінде тарту-сору
желдеткіш жүйесі дәл осылай тоқтатылуы тиіс.
4.3.9 Ашық орналасқан құбырларда Г1 (әлсіз жанатын), В1 (қиын тұтанатын),
РП1 (алауды бетіне шығармайтын) төмен емес топтарының материалдарынан орындалған
электр өткізгіштерді төсеуге жол беріледі.
4.3.10 Жалпы білім беру ұйымдарды мектепке дейінгі мекемелер үй-жайымен
бірлесіп орналастырған жағдайда, мектепке дейінгі мекемелерді бірінші типті өртке қарсы
арақабырғалармен және үшінші типті аражабындармен бөлу керек. Мектепке дейінгі
мекемелерден шығатын эвакуациялық шығаберіс дербес болуы тиіс.
4.3.11 Ғимараттың кез келген жерінен сыртқа шығуға қауіпсіз әрі еркін жүретін жол
қамтамасыз етілуі тиіс.
4.3.12-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
4.3.12 Эвакуациялық шығаберіс есіктері ғимараттан сыртқа қарай кілттерді немесе
құралдарды қолданбай ашылатын болуы керек.
4.3.13, 4.3.14, 4.3.15, 4.3.16, 4.3.17, 4.3.18, 4.3.19 және 4.3.20-тармақтар Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 45-НҚ
бұйрығына сәйкес алынып тасталды.
4.3.21 Өрт дабылының жүйесі:
а) ғимаратты басқару жүйесімен;
б) телефонмен;
в) радио байланыспен;
г) кедергісіз эвакуация мүмкіндігіне және өрт сөндіру бригадасының кіруіне (кіру
кедергілері және т. б.) жол беретін бақылау жүйелерімен тікелей байланыста болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |