ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
10
құрамы мен аудандары К қосымшасында көрсетілген.
Оқу блогының құрамына зертхананы, нақты тәртіп бойынша оқыту әдістеріне
байланысты оқу тобының (1/2, 1/3 немесе 1/4) бөлімімен тәжірибелі жұмыстарды
жүргізуге арналған үй-жайлардың (кемінде екі) тобымен жаппай жұмыс істеуге және
жаттығу жұмысын жүргізуге арналған мамандандырылған оқу кабинетін, сондай-ақ
зертханалық және қосалқы бағыттағы бірқатар үй-жайларды (сақтау бөлмесі және т.б.)
кіргізу керек.
Зертханалар мен арнайы кабинеттердің алаңын сол ауданда жұмыстың топтық
түрлерін атқару есебімен бір білім алушы орнына кем дегенде 3,5 м
2
деп, ал зертхана
алаңы бір кабинетке кем дегенде 18 м
2
деп қабылдау керек.
4.4.2.6 Оқытушыларға арналған гардеробтар бір сыныпқа кемінде екі орын есебінен
көзделуі тиіс. Білім алушыларға арналған гардеробтар қолданыстағы нормативтік
құжаттарға сәйкес көзделуі тиіс.
4.4.2.7 Мүгедек білім алушылар үшін мүмкіндігінше ауданы кемінде 144 м2 (12 м × 12
м) болатын спорт зал қарастыру ұсынылады.
4.4.2.8 Асхананың тамақтану залының ауданы бір отыратын орынға шаққанда
кемінде 0,8 м
2
болуы тиіс. Орындар саны жалпы білім беру мекемесінің білім алушылары,
мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлері санының 1/3 есебінен анықталады. Жобалау
тапсырмасы бойынша отыратын орындардың санын білім алушылар, мұғалімдер мен
әкімшілік қызметкерлер санынан 1/6 дейін азайтуға жол беріледі. Мұғалімдер мен
әкімшіліктің саны жобалау тапсырмасы бойынша анықталады.
4.4.2.9 Бастауыш сынып білім алушылары үшін қолданыстағы ғимараттарда олардың
жеке шкафтарының қондырғылары болу шартымен рекреацияларда гардероб
орналастырылуы мүмкін. Бір сыныпта 10-нан аспайтын білім алушы оқитын көлемдегі
ауылдық жерде орналасқан мекемелерде 1 білім алушыға және өрт қауіпсіздігі талаптарын
оқу жайы ауданының нормасын сақтау шартымен оқу жайларында гардероб (киім ілгіш
немесе шкафтар) орнатуға жол беріледі.
4.4.2.10 Асүй ауданы кемінде 18 м
2
болып қабылданады, асхана үй-жайының құрамы
мен ауданын Б қосымшасына әйкес қабылдау керек (Б.12-кесте).
4.4.2.11 Орталықтандырылған сумен қамту болмаған кезде, құятын қожуғыштар
орнатылады. Қолжуғыштардың жанына электр сүлгі (екі раковинаға кемінде 1)
орнатылады немесе бір рет қолданылатын сүлгі пайдаланылады.
4.4.2.12 Жалпы білім беру ұйымдарындегі дәретхана, жуыну және душ қабылдау
кабинеттерінің аудандары мен санитарлық құралдардың санын Е қосымшасына сәйкес алу
керек.
4.4.2.13 Жалпы білім беретін ұйымдарда медициналық пункт кабинеттерінің ең
төменгі жиынтығына ауданы кемінде 18 м
2
болатын дәрігер кабинеті, алаңы
кемінде 14 м
2
болатын ем-шара қабылдау кабинеті жатады.
4.4.2.14 Оқшаулау палаталары өтпелі болмауы керек, сондай-ақ ол арасында
биіктігі 1,2 метрді құрайтын әйнек арақабырғасы бар медициналық кабинетпен біріктірілуі тиіс.
4.4.2.15 Ауылды елді мекендерде медициналық пункт кабинеттерінің қажетті
жиынтығы болмаған жағдайда, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы
саласындағы мемлекеттік органның келісімімен ауданы кемінде 12 м
2
болатын кабинет
|