ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
137
толтырғыштарды, ұтымды түйіршіктер құрамын пайдалану, микротолтырғыштарды, оның
ішінде құрғақ күлді пайдалану, бетон класын дұрыс белгілеу қажет. Бетонның берілген
қасиеттерін ресурстарды мейлінше аз пайдаланып қамтамасыз ету керек.
6.2 Энергияны көтергіш және қоршау конструкцияларды теріс температурада отын-
энергетикалық
ресурстарды барынша аз жұмсау, жобаларды қыс мезгілінде
құрылыс-
монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға болатын жылыту жүйелерін
пайдалану, құрылыс алаңындағы дәнекерлеу жұмыстары көлемдерін азайту арқылы
жүргізуге жол берілетін жоспарлау шешімдерін таңдау арқылы үнемдеу қажет.
6.3 Жекелеген қызмет түрлерін орындау кестелерін әзірлеу кезінде теріс температура
жағдайларында отын-энергетикалық ресурстардың көп мөлшерде жұмсалуын талап ететін
жұмыстарды жылдың жылы мезгілінде жоспарлау керек.
6.4 Отын-энергетикалық ресурстардың үнемделуін қамтамасыз ету үшін құрылыс-
монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа технологияларды енгізу шараларын
қарастыру қажет. Оларға жаңа конструкцияларды құру,
тиімді химиялық қоспаларды,
құрылыс-монтаж жұмыстарының жаңа өндіріс технологияларын пайдалану жатады.
6.5 Бетон жұмыстарын жүргізу кезінде табиғи ресурстардың үнемделуін қамтамасыз
ету үшін материалдардың жұмсалуын басқаратын автоматтандырылған жүйені
пайдаланады. Бұл материалдардың жоғары дәлдікпен мөлшерленуін қамтамасыз етеді
және шикізат шығындарын барынша азайтады.
6.6 Көтергіш және қоршау конструкцияларды салу және монтаждау жұмыстарын
жүргізу кезінде қолданылатын шикізаттар мен дайын конструкциялардың
сапасы қатаң
түрде бақылану керек. Осы арқылы бұйымдар мен конструкциялардың берілген
қасиеттері мен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу кезінде ресурстардың барынша аз
жұмсалуы қамтамасыз етіледі.
6.7 Шикізаттар мен табиғи материалдар шығындарын азайту үшін
шикізаттарды
және әртүрлі конструкцияларды тасымалдаудың және сақтаудың техникалық құралдарын
жақсарту қажет.
6.8 Бетон және таспен жасалатын жұмыстарға арналған бұйымдарды өндіру кезінде
жылу қорғау сипаттамаларын арттыра отырып табиғи шикізатты үнемдеу мақсатында
өнеркәсіп қалдықтарын, оның ішінде күлді, қождарды, байыту қалдықтарын және т. б.
кеңінен пайдалану қажет.
6.9 Көтергіш және қоршау конструкцияларды
салу және монтаждау кезінде
материалдарды ұтымды пайдалану мақсатында пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеуді
және қайта пайдалануды (рециклинг) ұйымдастыру қажет.
6.10 Су тұтынуды азайту үшін:
а) бетон жұмыстарын жүргізу кезінде суды азайтатын химиялық қоспаларды, қатты
және жылжымалылығы аз қоспаларды пайдалану;
б) суды қайта пайдаланылу тәсілін барынша көп қолдану, оны әрі қарай пайдалану
үшін тазарту, айналымдық сумен қамту жүйелерін құру қажет.