6. Дәрістер кешені
1-дәрістің тақырыбы: Синтаксис туралы түсінік және оның салалары, зерттелуі
Дәрістің мақсаты: Синтаксис, оның салалары, зерттелуі мен синтаксис пәнінің мақсат-міндеттері және зерттейтін мәселелері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Синтаксис ғылымы, зерттеу нысаны
2.Синтаксис саласының зерттелуі
Синтаксис пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пән. «Қазіргі қазақ тілінің» сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі» пәні - сөзтұлғалардың бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесі мен сөйлемді, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, оның тарихы мен нақты теориясын оқытады.
Синтаксис ғылымы сөйлемнің, сөз тіркесінің, мәтіннің құрылысын зерттейтін ғылым. Ол гректің sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған «құрау», «құрастыру» деген мағынадағы лингвистикалық термин.
Қазақ тіл білімінің ұлттық тілде лингвистермен зерттеле бастауы Қазан революциясына дейін қозғалып, әсіресе одан кейін түбегейлі қолға алынды. Біз көп уақытқа дейін қазақ тіл білімінің зерттелуін Қазақ революциясынан кейінгі уақытпен есептеп келдік. 1990 жылдарға дейінгі тұжырымдар осындай бағытта өрбігендігі рас. Мұның өзі қазақ ғалымдарының 1932-1937 жылдар аясындағы тарихи қыспағының көрінісі деп білу керек. А.Байтұрсыновтың бір ғана «Тіл – құрал» еңбегі қазақ тіл білімі зерттелуінің (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) Қазан революциясынан бұрын екендігін көрсетті. Осы кез өкілдері Н.С.Жетпісбаев, М.Бегімов, М.Н.Бектеміров, Т.Шонанов, М.Жұмабаев, Т.Ахметов, Ж.Барықұлы, Н.Төреқұлов, К.Төлебаев, Д.Арыстанұлы, Н.Залиұлы, К.Әлімұлы, Қ.Кемеңгеров сынды ғалымдардың ақталуы олардың еңбектерінің жарық көруіне себеп болды. Бұл зерттеушілер еңбектерінің қазақ тіл білімі үшін белгісіз жылдар мерзімін нақты толықтыратын және қазіргі зерттеушілерімізге басшылық болғаны айқын.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі пәні қандай мәселелерді қарастырады?
2.Қазақ тілінің синтаксис саласын Қазан төңкерісіне дейін кімдер зерттеді?
3.Қазақ тілі синтаксисінің 20-ғасырда және қазіргі уақытта зерттелуі туралы айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |