Бақылау сұрақтары:
1.Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі дееқандай байланыс түрі?
2.Салт және сабақтас етістіктердің меңгерілу ерекшелігі туралы баяндаңыз.
8-дәрістің тақырыбы: Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері, олардың ерекшелігі мен түрлері.
Дәрістің мақсаты: Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері туралы түсінік беру, меңгеріле байланысудың басқа байланыс түрінен айырмашылығын түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Меңгеріле байланысқан есімді дара және күрделі сөз тіркестері мен олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.
2.Меңгеріле байланысқан шылаулы сөз тіркестері.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгерүші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер:1.Сын есімдер. Негізінде, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай ал-майды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі - сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, мысалы: өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман, ақшаға сараң, жусаннан биік.Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айтылып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жуас түйе жундеуге жақсы. Өнімсіз іске шеп-шебер (Абай). Көңілсіз құлақ ойға олақ (Абай). Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жақсы - ісімен жақсы (Мақал). Бұнда сидиғаи сирек шоптер қап-қара (иЖұлдыз"). 2. 3ат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағашу тас, көмір сияқты атаулардан, бай, мейрам, сый сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай (Жамбыл). Қашпақ, құмақ - ерге сын, көшпек, қонбақ - жерге сын (Мақал). Сендер бір-біріңе қонақсыңдар 3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мумкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары жорға аты бар (Әуезов). Аспанда алақандай бұлт жоқ (Мұқанов). Сақтықта қорлық жоқ (Мақал). Әуелден сұлу жайы бізге мәлім (Абай).
Негізінде бағыныңқы сыңар барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы сөздер көбіне дара жұмсалады. Алайда сол дара жұмсалатын сөздер яғни белгілі сөз таптары сол септіктерде Айдос Бақбергеновке берді, жиырма бесті беліціз, шақы-рып келуге жіберді тәрізді бағыныңқы сыңарлары күрделі зат есім, сын есім, сан есім етістік ретінде келіп те күрделену процестері болатыны тілімізде өте көп. Бағыныңқы сыңарларының бұлайша күрделенуі онша қиындық келтірмесе керек. Сол жалпы бағыныңқы сыңардағы сөздер зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, қимыл есімі мен есімшелер болатыны белгілі. Осының ішіндегі зат есім, есімдіктер және заттанған сйи есім, сан есім, есімше немесе қимыл есімдері де әр уақытта анық-тауыш сөздерді қажет ететіні сөзсіз. Сол бағы-ныңқы сыңардағы сөздердің өзі екі түрлі жағ-дайда: 1) сол септіктегі сөздер дара, яғни өз ал-дына бағыныңқы сыңарда жеке-жеке қолданыла алатын дәрежеде болса; 2) кейде ондай септіктегі сөздер өз алдына жеке қолданғанда мағыналық түтастығы жетпей, өзіне міндетті түрде басқа бір сөздерді жетегіне алғанда ғана жұмсалады. Жал-пы сын есім, сан есім, кейбір есімдік, есімшелер затқа қатысты болып анықтауыштық қатынаста жұмсалады деп білеміз. Сондықтан да тілде сын есімдердің зат есіммен тіркесі, сан есімдердің зат есімдермен тіркесі, есімшелердің зат есімдермен тіркесі делінетін тараулар беріліп отырғаны белгілі. Бұған қарағанда кез келген сын есім, сан есім, есімдік пен есімше қалайда бағыныңқы сыңарда ғана жұмсалуға тиісті. Дегенмен бұл қағидаға келе де бермейтін жайттар бар. Сонда ол сөз тап-тары қаншалықты есімдерге анықтауыштық қаты-наста жұмсалғанымен, контексте кейде сол өзі қатысты сөз таптарымен (зат есім, кейде оның орнына жұмсалатын заттанған сөз таптары) ма-ғыналық бірлікте топ құрайды да, күрделенуші элемент ретінде жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |