Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет30/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Пысықтауыштың мағыналық топтары, мезгіл және мекен пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігімтуралы баяндаңыз.
2.Себеп және мақсат пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі және амал және мөлшер пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі қандай?


19-дәрістің тақырыбы: Сөйлемнің үйірлі мүшелері
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің үйірлі мүшелері және оның анықтамасы, түрлері, ерекшелігі, мағыналық ерекшелігі туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Сөйлемнің үйірлі мүшелері және олардың ерекшелігі
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігі.
Сөйлем мүшесі өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі немесе одан да көп сөзден жасалғандықтан солай аталады. Ал үйірлі мүшенің жасалуы құрамы жағынан күрделіге ұқсас болып келеді. Яғни, үйірлі мүше күрделі мүше тәрізді екі, немесе одан да көп сөздерден жасалады. Бірақ құрылымдық, грамматикалық семантикасы жағынан күрделі мүшеден ерекшеленіп ажыратылады.
Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұндай "жай сөйлемнің" баяндауышыесім сөз алдына предикатты бірлік болып саналатын құрылым (конструкция) екінші негізгі сөйлемнің кез-келген мүшесі болып синтаксистік қызмет атқарып тұра алады. Бұл тектес құралымдар ең бірінші бастауыш қызметін атқарады. Білегі жуан бірді жығар, білімі жуан мыңды жығар (Мақал). Алыпқа өмірі қала көрмеген, үсті-бастарын бит басқандар келді. Осы тәріздес құралымдарды баяндауыш ор-нына қойып қолдануға да болады. Алайда ондай құралым ықшамдалған күйде ғана баяндауыш бола алады. Ал шындығында ол тектес үйірлі мүше ықшамдалған есім баяндауыштың анықта-уышы болып табылады: Ол білегі жуан (кісі) т.б.
Үйірлі мүше аталатын бұл тектес предикатты бірліктер толықтауыш, пысықтауыш мүшелері қызметін еркін атқара алады. Мысалға жоғарыда келтірген үйірлі мүшелерді толықтауыш, пысықтауыш қызметіне қойып көрсетуге болады: Ол білегі жуанды байқады, пысықтауыш қызметінде: Сен білегі жуанша сөйлейсің ғой т.б.
Толықтауыш қызметіндегі бұндай құрылымдардың бастауышы тәуелденген зат есім, баяндауышы есімнен болып келген үйірлі мүшеге мысал келтірейік: Әкесі өлгенді де естіртеді (Мүсірепов). Кірме жұрттан мұндай келбеті келіскенді көрген емен (Сүлейменов).
Пысықтауыштардың бастауышы зат есім, баяндауышы көсемше болып келеді: Табиғат тау ғып өзін жаратқан соң, Жатады екен бір шеті жиналмастан (Асанов). Сіз бар деп жасық ойым батылданып, Көрсеңіз ақ жалын боп атылғанын (Соңда). Бұл кеште, ел жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ (Әуезов).
Сирек те болса үйірлі мүшелі баяндауыш та кездеседі. Мысалы, -ғандай, -гендей жұрнақтары жалғанған етістіктің бастауышы жіктеу есімдігі болып келіп үйірлі мүшелі баяндауыш жасалатынын байқауға болады: Есіркеп тұратын үйдің іші сіз көргендей емес (Мұқанов).
Осындай құралымдардың бастауыштан кейін өнімді қолданылатыи мүшесі - анықтауыш. Өйткені үйірлі мүшенің екінші сыңары көбінесе сын есім болып келеді. Ал үйірлі мүшенің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе III жағында айтылады. Сондай-ақ үйірлі мүшенің екінші сыңары есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет