Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет18/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері және олардың ерекшелігі қандай?
2. Бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестеріне мысал келтіріңіз.
3.Басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі туралы баяндаңыз.
7-дәрістің тақырыбы: Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері мен олардың мәні, құрамы мен түрлері. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері.
Дәрістің мақсаты: Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері мен олардың мәні, құрамы мен түрлері туралы түсіндіру. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері туралы түсінік беру, меңгеріле байланысудың басқа байланыс түрінен айырмашылығын түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің дамуы мен лексикалануы
2.Салт және сабақтас етістіктердің меңгерілу ерекшелігі.
Меңгеру – жеке сөзтұлғалардың бір-бірімен толықтауыштық және пысықтауыштық қатынаста келіп, септік жалғаулары арқылы байланысқа түсуі. Демек, меңгерудің грамматикалық көрсеткіші – барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септігі. Мұны ғалымдар да жоққа шығармайды: «Меңгеріле байланысқан синтаксистік тұлғалардың басыңқы сыңары етістіктен және кейбір есім сөздерден жасалып, бағыныңқы сыңары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының бірінде өз басыңқысымен толықтауыштық не пысықтауыштық қатынаста тұрады». Екінші сыңардағы сөзтұлға орнында етістік, есім және олардың кейде бірлесе келуі меңгеру қызметін аша түседі. Осыдан барып меңгерудің етістікті, есімді және ортақ меңгеру деген түрлері анықталады. Бұлардың толықтауыштық немесе пысықтауыштық қатынасы да септік жалғауларының қызметінен шешіледі.
Қазақ тіліндегі түбір тұлғалы етістіктер (қазіргі деңгейден алғанда) іс-әрекетті, қимылды, күйді, жалпы процестерді білдіру тұрғысынан өздерінің ішкі лексикалық, семантикалық сапасы жағынан біркелкі емес. Мәселен, адам-ның еңбек процесімен, қимыл-әрекетімен байланысты етістіктер негізінен, табыс септігіндегі тура толықтауышты қажет етсе, ал адамның ішкі көңіл-күйін, қозғалыс-әрекетін (тек кейбір реттерде ғана болмаса) білдіретін етістіктерде мұндай қабілет жоқ. Міне осындай мағыналық ерекшеліктері жағынан және табыс септігіндегі тура объектіні қажет ету немесе қажет ете алмау қасиеттері жағынан тіліміздегі етістіктер сабақты және салт болып, іштей үлкен екі салаға бөлінеді.
Сабақты етістіктер мен салт етістіктерді бірінен-бірін айырып көрсетерліктей арнаулы морфологиялық көрсеткіштер жоқ, сондықтан да оларды дара қалпындағы мағынасына қарап, мынау сабақты етістікке жатады да, ал мынау салт етістіктің қатарына енеді деп түйіп айту кейбір реттерде мүмкін де емес. Қазақ тіліндегі сабақты, салт етістіктің тұлғалық ерекшелігі болмайды, бірақ оларды жоғарыда айтқандай, мағынасына және табыс септігіндегі сөзбен тіркесе алу немесе тіркесе алмау мүмкіншілігіне қарай айқындауға болады. Осы тұрғыдан, жазуу кесу, шабу, тігу, себу, кіру, егу, салу, қирату, ату, уру, жургізу, итеру, сүйреу, ішу, жеу тәрізді іс-әрекетті білдіретін етістіктер, айту, сұрау, сөгу, қарғау, мақтау тәрізді сөйлеу мәнді етістіктер, көру, есту, тыңдау тәрізді сезіну етістіктері сабақты етістіктер қатарынан орын алады, өйткені бұлар өзінің мағынасы жағынан тура объекті мәніндегі сөзбен сабақтасып, оларды жетегіне алып, меңгеріп тұрады. Сөйтіп, ол табыс септігіндегі зат есімдермен, есімдіктермен, заттанған (субстантивтенген) сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің белгілі бір үлгісін (моделін) жасайды.
Сабақты етістіктер мағынасының орамдылығына қарай табыс септігінен тыс жанама септіктерді де меңгере алатын болса, салт етістіктерде ондай қасиет жоқ. Бұлар тек барыс, шығыс, жатыс, көмектес септікті сөздермен ғана тіркеседі. Өйткені сабақты етістікгер тура объекгіні толық қамтумен ғана шектеліп қалмай, объектінің іске асу тәсілін (күрішті орақпен орды), мезгілін (күрішті шілде айында орды), бағытын (затты үйге апарды), сондай-ақ шыққан орнын да (кітапты дүкеннен әкелді), бүтінңің бөлшегін де (сиырды бастан үрды) білдіреді. Бірақ бүған қарап салт етістіктер мағыналық жағынан мүлдем кедей, санаулы септіктен басқа септікті меңгере алмайды деген қысқа түжырым жасауға болмайды. Ретіне қарай бұлар да жанама септіктердің бірнешеуін қатарынан меңгере алады: ауылдан келді, қалаға келді, сағат бесте келді, көлікпен келді т.б.
Мағынасы жағынан топтастырылған етістіктерді өзара салыстырып қарайтын болсақ, салт стістіктердің көпшілігі адамның көңіл-күйін, затғыц қимылдық қалпын, қозғалыс-орекетін білдіретін етістіктер болып келеді. Осы арада бір ескеретін жай, қозғалыс-әрекетін білдіретін етістіктердің барлығы бірдей тек көлемдік септіктерді меңгере бермейді. Мәселен: кеңістікті толығынан қамтитын бірқатар қозғалыс мәнді етістіктер табыс жалғаулы сөздермен тіркесіп, сабақтылық мағынаға ие болады. Қазақ тіліндегі салт етістіктер барыс, шығыс, жатыс, кейде көмектес жалғаулы сөздерді жетегіне алып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Мұндай сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары болсын, немесе бағыныңқы сыңарлары болсын мағыналық жағынан біркелкі болып келмейді. Міне, осының өзі бұл типтес сөз тіркестерінің әр түрлі қатынаста жұмсалып, алуан түрлі мағыналарды білдіруіне жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет