Әдебиеттер: 2, 7, 8, 4 Қосымша әдебиеттер: 6, 3, 2 Семинар № 3 Тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері. Сабақтың мақсаты: Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлері жөнінде, олардың ерекшеліктері жөнінде баяндап, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілеріне мысалдар келтіру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1.Сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері. Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктері.
2.Қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы көзқарастар мен тұжырымдар.
3.Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері және олардың ерекшелігі. Бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері.
4.Басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқаулық: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері, сөздердің жалғау, шылау, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктеріне тоқталу, қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы көзқарастар мен тұжырымдарды қарастырып, матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері мен олардың ерекшелігі,бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері мен басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігін баяндау
Өткізу формасы: ауызша баяндау, «креативті матрица» арқылы жұптық жұмыс жасау, «тұжырымдамалық карта» арқылы топтық жұмыс тапсырмасын орындау
Бағалау критерийлері: синтаксис және оның салаларына анықтама беруі, синтаксис саласының зерттелу тарихына сипаттама беруі, синтаксис саласы туралы жазылған зерттеулерді оқып, баяндауы, нақты мысалдармен түсіндіре алуы есепке алынады.
Әдебиеттер: 3, 4, 8, 5, 10 Қосымша әдебиеттер: 6, 8, 12, 20 Семинар № 4 Тақырыбы: Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері