Бақылау сұрақтары:
1.Синтаксистік оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер, қабыспалы оралымдар және олардың түрлері мен ерекшелігі қандай?
2.Жанаспалы оралымдар және оның түрлері мен ерекшелігі, есімшелі және көсемшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер туралы айтыңыз.
3.Шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі қандай?
29-дәрістің тақырыбы: Ықшамдалған сөйлемдер Синтаксистік оралымдар
Дәрістің мақсаты: Ықшамдалған сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Ықшамдалған сөйлем
2.Сыйысу заңдылығы, бір жақты, екі жақты, керісіндік, теңдестік бағыттағы қатынас
Сөйлемнің ықшамдала айтылуы жай әншейін кездейсоқ түрде болмай, белгілі бір қажеттіліктің, заңдылықтың негізінен шығып жатады. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша, екі түрлі жолда кездесіп отырады: бірі бағыныңқы сөйлем бастауыштарының ортақтаса сыйыса жұмсалуында, екіншісі басыңқы сөйлем бастауыштарының сыйыса айтылуы не болмаса арнайы айтылмайтын жолында.
Бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының ортақтаса, сыйыса жұмсалуы оның бірыңғай түрінде болады. Оның өзінде де бағыныңқы сөйлем баяндауыштары көбінесе бірдей сөзбен беріліп отырады. Бұл жайт баяндауыштардың сыйыса жұмсалуына бірден-бір мүмкіндік туғызады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ықшамдалуы
Сабақтас құрмаластың ықшамадала айтылуы кейбір сөздердің (бастауыштың) түсірілу мен сыйыса айтылу (баяндауыш) заңдылықтарын бірдей қамтиды. Сөйлем мүшелерінің өзара сыйыса жұмсалуы жалпы сөйлем құрылысын сығылыстыра түседі. Осыдан келіп сөйлемнің қысқа тұжырымдылығы, жинақылық сипаты келіп шығады. Мұндай жинақылық сөйлемнің құрылысын өзгерте алмайды.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі екі жақты қатынас деп ондағы синтаксистік компоненттердің есімдік сөздерінің жұптаса қолданылуымен тұлғалық, мағыналық жақтарынан бір-біріне тәуелді, матаса байланысқан жолдарын айтамыз.
Ал керісіндік бағытта бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдердің мағыналық қатынасы керісінше болады.
Сабақтас сөйлем компоненттерінің өзаралық байланысына тән тағы бір синтаксистік қатынас-теңдестік қатынас.
1.Ықшамдалған сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
2.Сыйысу заңдылығы, бір жақты, екі жақты, керісіндік, теңдестік бағыттағы қатынас туралы айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |