Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»


-дәрістің тақырыбы: Синтаксистік оралымдар



бет40/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

29-дәрістің тақырыбы: Синтаксистік оралымдар
Дәрістің мақсаты: Синтаксистік оралымдар және олардың құрылымдық ерекшелігі мен зерттелуі, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Синтаксистік оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер. Қабыспалы оралымдар және олардың түрлері мен ерекшелігі.
2.Жанаспалы оралымдар және оның түрлері мен ерекшелігі. Есімшелі және көсемшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер.
3.Шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі.
Оралым дегеніміз-сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме ретіндегі синтаксистік категория. Күрделенген сөйлемдер қатарына синтаксистік оралымдар да жатады. Синтаксистік оралымдар дегеніміз - соңғы кездерге дейін қазақ тіл білімінде есімше, көсемше, шартты рай тұлғасы арқылы жасалған ортақ бастауышты сабақтас құрмалас не үйірлі мүшелі сөйлемдер деп танылып келген конструкциялық топтарды қамтиды. Күрделенген сөйлемдер қатарынан танылып келген айқындайыштық қосалқы сөйлемдер мен синтаксистік оралымдардың елеулі айырмашылығы бар: айқындауыштық қосалқылар-хабарланған ой желісіне байланысты айтушы адамның әр түрлі көзқарасы, ықылас тілегі, болмаса белгілі бір жайдың мән-жайын айқындау, толықтыру ыңғайын білдіре жұмсалса, синтаксистік оралымдар-сөйлемдегі негізгі түйіннің мазмұн барысын әр түрлі сапалық, қимылдық дәрежеде саралап көрсете айтылады.
Қабыспалы оралымдар дегеніміз-үйірлі мүшелі сөйлемдер. Мұндағы конструкция өзінен кейінгі бөлшекпен тығыз жымдасып кетеді де, соның негізгі обьектілі сөзіне меңгеріліп, сіңісе айтылады. Көбінесе -ған формалы есімшенің қатысуы арқылы жасалады. Мысалы, Баласы жақсы оқыған Асан көңілді отыр.
Жанаспалы оралым дегеніміз-осы күнге дейін танылып келген ортақ бастауышты бағыныңқы сөйлемдер алшақ түрде жанаса келіп, оқиға желісі бір бастауышқа негізделе айтылады. Жанаспалы оралым есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары негізінде жасалады. Сөйлемнің табиғатын анықтауға бастауыш меже болады. Мысалы, Мұғалім шәкірттің сабаққа ынта қойып келе жатқанын аңғарып, іштей риза болып қалған.
Шартты оралымды сөйлемдер әр уақытта осындай шартты мәнде қолданыла бермейді, ол тұлғалар арқылы қарсылықты, мезгіл, кезектес, салыстырмалы мағыналар да беріледі. Мысалы, Есепке жүйрік болса да, сөзге шабан, орысша жақсы киінсе де, оқымаған кісі (Ғ.М.). Өзім бақытсыз болсам да, өзгелердің бақытты болғанын көргім келеді (Т.Ахтанов).
Қимыл есімді оралымды сөйлемдер –ысымен тұлғасы арқылы, тұйық райлы сөзбен бұрын көмекші сөздің, үшін шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Соғысты жеңіспен аяқтап, тезірек үйіме қайту үшін, мен тезірек жазылуым керек (Ғ.М.). Ғалымдардың кейбірі осындай конструкцияны сабақтас құрмаластың ықшамдалған түрінен таныса, енді біреулері оны бірыңғай мүшелі жай сөйлемге жатқызады. Ал енді қайсы бірлері мұндай құбылыста жұмсалған сөйлемдерді не бірыңғай жай сөйлемге, не құрмаласқа жатқызбай, өз алдына ерекше бір түрдегі сөйлем деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет