Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»


Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық



бет42/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.


Семинар № 1
Тақырыбы: Синтаксис және оның зерттеу обьектісі мен салалары, зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: Синтаксис және оның зерттеу обьектісі, қазақ тілі синтаксисінің 19- ғасырда зерттелу жайы мен 20- ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінде қарастырылуы жөнінде баяндап, синтаксис ғылымы туралы тұжырымдарға сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Синтаксис және оның зерттеу обьектісі.

  2. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісіне дейінгі 19- ғасырда зерттелу жайы. П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, Г.Архангельский, Н.Лаптев, Н.Сазонтов, М.Терентьев т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінің ерекшелігі.

  3. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде зерттелуі. 20- ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінің маңызы.

Әдістемелік нұсқаулық: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, синтаксис ғылымы мен салаларына анықтама беру, қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихын анықтау, зерттеулерге сипаттама беру, ғалымдардың зерттеу еңбектері туралы баяндау.
Өткізу формасы: ауызша баяндау, хронологиялық кесте жасау, топтық жұмыс арқылы синтаксис салаларына сипаттама беру- «ассоциограмма»
Бағалау критерийлері: синтаксис және оның салаларына анықтама беруі, синтаксис саласының зерттелу тарихына сипаттама беруі, синтаксис саласы туралы жазылған зерттеулерді оқып, баяндауы, нақты мысалдармен түсіндіре алуы есепке алынады.
Әдебиеттер: 1, 4, 8, , 5
Қосымша әдебиеттер: 1, 5, 8


Семинар № 2
Тақырыбы: Сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелер. Сөз тіркесіне тән белгілер, құрамы, түрлері
Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелерді қарастыру, сөз тіркесіне тән белгілерді анықтау, сөз тіркесінің құрамы, түрлері туралы тұжырымдарға сипаттама беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет