Өткізу формасы: топтық жұмыс арқылы сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерге тән белгілер туралы баяндау, мысалдар келтіру, «серпілген сұрақтар» әдісі арқылы бекіту сұрақтарын қою, жауап беру
Бағалау критерийлері: зерттеу еңбектеріне шолу жасауы, сұраулы сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшелігі, лепті сөйлемдердің жасалу жолдары мен қолданылу ерекшелігі, репликалы лепті сөйлемдер, олардың мағыналық ерекшелігі,бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшелігі, түрлері туралы топта баяндауы, жеке жұмыс түрін орындап, мысал келтіруі, теориялық білімдерін практика жүзінде дәлелдей білуі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1, 3, 7, 9 Қосымша әдебиеттер: 2, 5, 17, 18
Семинар №14 Тақырыбы: Қосалқы айқындауышты сөйлемдер Сабақтың мақсаты: Қосалқы айқындауышты сөйлемдер, қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі, оңашаланған айқындауышты сөйлемдер мен қыстырма сөйлемдер туралы баяндау, мысалдар келтіру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1.Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі
2.Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер
3.Қыстырма сөйлемдер
Әдістемелік нұсқаулық: зерттеушілер еңбектерін қарастырып, қосалқы айқындауышты сөйлемдер, қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер және олардың құрылымдық ерекшелігі, оңашаланған айқындауышты сөйлемдер мен қыстырма сөйлемдер туралы баяндау, мысалдар келтіру
Өткізу формасы:топтық жұмыс жасау, «Джигсо» әдісі арқылы топтар алдын ала дайындалған ресурсты талдайды, ауызша баяндап, көркем әдебиеттен күрделенген сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіреді.
Бағалау критерийлері: күрделенген сөйлем түрлерін ажырата білуі, топтық жұмыс жасауы, «Джигсо» әдісі арқылы теориялық материалды талдауы, ауызша баяндап, көркем әдебиеттен күрделенген сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіре білуі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1, 5, 8, 10 Қосымша әдебиеттер: 1,2, 6, 8, 12