Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық аланда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің коридорында, кең жерлерде өткізледі.
Міндеттері: а) ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарлату үшін белсенді қозғалу; б) сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзғарас қалыптастыру; в) белсенді демалыс қимыл- қозғалыс дағдысын, білімін жоғарлату; д) оқушы санасын тəртіптілікке тəрбиелеу.
Мектептен тыс дене тəрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
Мектептен тыс дене тəрбиесі жəне спорт жүмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тəрбиесі жұмыстары əр түрлі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мəдениет сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула спорт клубтары.
Мектептен тыс дене тəрбиесі жэне спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;
оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайын-дығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін үйымдастыру;
дене мəдениеті саласының əрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықгарын қалыптастыру;
- нүсқаушылық-жəне төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта ұйымдастырыла жүргізіледі:
Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ); олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ); жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ); спорттық мектеп- интернаттар.
Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүргізіледі. Ол бағыттағы мекемелер:
жазғы сауықтыру лагері; еңбек сауықтыру лагері; стадиондар, су станциялары; жас туристер станциялары;
мəдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері; мəдени демалыс парктері; аула клубтары.
Достарыңызбен бөлісу: |