Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлау



бет100/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлау


Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлаудың негізгі жоспарлау құжаты-көшлілік спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Ол жоспар төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:

    1. Көпшілік жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кросстар, Президенттік сынамалар жарысы, əр түрлі конкурстар көңілді старттар ( «Ал қане жігіттер»)

    2. Мектепте кең тараған спорт түрлерінен жарыстар

    3. Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер

    4. Аудан, қала біріншіліктері

    5. Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары

    6. Спорттық мерекелер, көрнекті орындаулар (насихаттау)



Оқу күн тəртібі ішіндегі дене тəрбиесі


сауықтыру шаралары

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене қуаты деңгейін ескеру

  2. Күні бойы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру

  3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға əсерін ескеру

  4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін

Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 минут, жоғарғы сыныптарда 12-15 минут уақыт ұзақтығында жүргізіледі.
Міндеттері: а) оқу күнін ұйымшылдықпен бастау; ə) оқушылардың ағзасын оқу жұмысына белсенді дайындау; б) сабақта жақсы, дұрыс, көңілді, сергек отыруға дайындау негізінде орталық жүйке жүйесіне жақсы əсер ету.
Жаттығу жасайтын топтарды ұйымдастырғанда жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2, 3-4, 6-8, 9-11 сыныптар деп, жастары жуық сыныптардың оқушыларын бірге топтастырған дұрыс. Жаттығулар 2-3 жеті орындалғаннан соң балалар жалығып кетпеуі үшін өзгертіліп отырылуы керек.
Сергектік сəттері. 3,4-ші теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 минутта орындалатын қимыл əрекет түрлерін сергектік сəттері деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет