Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары



бет102/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары


Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тəрбиесі жəне сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тəрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Күн тəртібіндегі дене тəрбиесі шаралары. Күн тəртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрде орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн жəне ауа ванналары, суда жүзулер.
Отрядтардағы дене тəрбиесі жүмыстары. Олар: отряд ішін жүргізілетін əр түрлі жаттықтырулар; лагерлік жарыстарга, конкурстарға дайындықтар; дене тəрбиесі тақырыбына еткізілетін əр түрлі тақыптардағы əңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жоры тар; жер жағдайына байланысты ойындар.
Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, əр түрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, үлгі қозғалмалы жəне спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, үлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннадан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматтан, дойбыдан өткізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.
Əр түрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу- жаттықтыру сабақтары.
Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерлер жыл сайын əр түрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді.
Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркəсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауатты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына əсері туралы жақсы білуі тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет