Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Сауықтыру лагерлерінде жүргізілетін жүмыс қүжаттары



бет103/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Сауықтыру лагерлерінде жүргізілетін жүмыс қүжаттары:


    1. Сауықтыру лагеріндегі дене тəрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;

    2. Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

    3. Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары:

    4. Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:

    5. Есепке алу құжаттары:

  • жүргізілген шараларды тіркеу журналы;

  • президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған журнал;

  • денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу журналы.

Балалар жəне жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттықтыру дайындықтары


Міндеттері: оқушылардың денсаулыктарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тəрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көцшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.
Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы жəне қешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт турлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері - деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері əр түрлі бағытта бола береді.
Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тəртібі туралы ереже-регламент» бойынша жұмыс істейді.
Спорт мектебін оның директоры басқарады. Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, əдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дэрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.
Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жаттықтыру-ларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорттық дəрежелері тұрақты жоғары өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет