Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Дене тəрбиесі əдістемесінің ерекшеліктері



бет89/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дене тəрбиесі əдістемесінің ерекшеліктері


Орта мектеп жасындағы оқушылар мен дене тəрбиесі сабақтарын жүргізу əдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика,гимнастика, спорттық ойындар,шаңғы спорты,суда жүзу)жаттығуларын тереңдете үйрету,жетілдіруге бағытталған.
Дене тəрбиесі мұғалімі,спорт бапкері əсіресе дене қуаты дайындығы жоғары жəне төмен оқушыларымен жұмыс жүргізгенде жекелік, даралық əдістерді,қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру,үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп,басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тəрбиесі мұғалімдері ескерсе болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылар мен жұмыс жүргізудің тағы бір əдістемелік ерекшелігі-олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру.Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мəн берілуде.


Жоғары сынып оқушыларының дене тəрбиесінің міндеттері Жоғары сынып оқушылар қатарына 9-11 сыныптпрда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады.Осы жастағы
оқушылардың дене тəрбиесі міндеттері төмендегідей:

  • Денені мақсатты түрде жан-жақты,үйлесімді дамыту;дене тəрбиесі жаттығуларын,гигиеналық жəне сыртқы орта əсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру;

  • Негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика,гимнастика,спорттық ойындар,шаңғы спорты,суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену,жетілдіру,жоғарғы қимыл ептілігіне дейін меңгеру;

  • Дене қуаты қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс əрекеттерін тез басқадай құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.бт қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту.

  • Қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттықтырудың заңдылықтары туралы,дене тəрбиесі жаттығуларының келешек өміріндегі еңбектеріне,əскер қатарында болатын кездеріндегі,əке-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы білім негіздерін қалыптастыру;

  • Өнегелік, көпшілік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру,алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық,өзіне сенімділік,шыдамдылық,ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;

  • Тұлға ретіндегі психикалық жəне өзіндік қасиетт ерін ары қарай дамытуға көмектесу,психикалық өзін-өзі реттеу негіздерін үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет