Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Жоғары сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері



бет90/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Жоғары сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері


Жоғары сынып жасындағы оқушылардың дене өсуі мен дамуы үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді.Оқушыға ағзасының мүшелері мен жүйелері бір қалыпты жағдайда дами береді. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бой ұзындығының өсуі ақырындап, кеуде кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой жəне дене салмағы жағынан қуып жетіуы асып кетеді. Жігіттер мен салыстырған да қыздардың иық деңгеиі бұлшық еттері аздап,жамбас бұлшық еттері жылдам қарқынды дами бастайды.Кеуде клеткасы,жүрек, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы,тыныс алу бұлшық еттерінің күші,ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді.Сондықтан да қыздардың қан айналу жəне тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.


Дене тəрбисі əдістемесінің ерекшеліктері


Жоғары мектеп жасында дене тəрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқыны ұзақ, жоғары деңгейде орындалуының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жоғары орындайды.Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш,күш жылдамдығы жаттығуларына күщ төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл əрекетті тез,басқаша құра алу,тепе-теңдінті ұстай, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.


Əр түрлі мектептердегі дене тəрбиесі


Аз комплектілі ауыл мектептеріндегі дене тəрбиесі
Аз комплектілі мектептер дегеніміз - сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі –екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғлім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тəрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктері: 1.Спортзал болмауы мүмкін,онда сабақтар көбіне таза ауада
мектеп ауласына өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерінде,көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тəрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген əдістер, көбінесе шеңберлі,топтық,жеке дербес тапсырма беоу
əдістері қолданылады. Мысалы:дене қуаты деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде əлсіз оқушылар,үлкен шеңберде күшті,мықты оқушылар жаттығады.Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып,одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады.Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі.Негізгі бөлімінде сыныптар бойынша топтарға бөлініп,оларға мектеп бағдарламасында материялдар бойынша спорт түрлері жаттығулары берідеді.Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, əдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет