Тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының дене тəрбиесінің міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына І-ІV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тəрбиесі міндеттері төмендегідей:
денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу,жалпақтабандылық ауруының алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта əсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
дене тəрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар,күн тəртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тəрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы əсері,гигиеналық ережелер;
дене қуатын қасиеттерін дамыту. Бастауыш сыныпталды қимыл үйлесімділігі, ептілік,икемділік қасиеттерін дамытамыз;
қозғалыс кезінде жəне қозғалмайтын статистикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру.
оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге,орындауға дайындай бастауымыз керек.
Мектептің міндеті –оқушылардың дене тəрбиесі жаттығулары мен мектепте ғана емес,үйде де тұрақты айналысуға əдеттендіру.
Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының марфофункционалдық жəне психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелер тез өседі. Əсіресе аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады. Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында əлі де органикалық заттар да көп те,минеральды тұздар аз.Сондықтан да сүйек икемді,созылмалы əлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Ол ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статистикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз.Үлкен биіктіктен секіру,қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Бастауыш сынып оқушылармен дене тəрбиесі сабағын жүргізудің əдістемелік ерекшеліктері
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі,ұзақ ойындар оларды жалықтырып жібереді.Сондықтан да ойындар, жаттығулар əр түрлі, қысқа дем алу аралықтары мен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды,ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып,ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде,ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа,биікке секіреді, алысқа лақтырады, олар күшті, əрі шыдамды.Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде,ұзаққа жүгіргенде,секіргенде,лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты,ырғақты,би жаттығуларын беруге болады.
Дене тəрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар: 1) бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жпттығулар табиғи қимыл əрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді.Олар:жүру,жүгіру, секіру,лақтыру,өрмелеу т.с.с; 2) бір сабақ кезінде оқу материялын меңгеру мен жетілдіру үрдісінен 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.; 3)
сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту жəне түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет; 4) əрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек.4-ші сынып оқушылары мен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтарын 50% уақытын алса дұрыс болады; 5) Оқушыларға негізгі жаттығуларын техникасын үйреткенде оны дұрыс жəне нақты орындауға көп көңіл бөлу керек.Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету жəне жетілдіру мен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірден көңіл бөлген дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |