Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Орта сынып оқушыларының дене тəрбиесінің міндеттері



бет88/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Орта сынып оқушыларының дене тəрбиесінің міндеттері


Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы дене тəрбиесі міндеттері төмендегідей:

  • денені жан-жақты, үйлесімді,дамыту,дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз əсеріне қарсылық əдеттерін,жеке бас гиниенасы мен салауатты өмір салтын сақтау əдеттерін қалыптастыру;

  • негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика,гимнастика,спорттық ойындар,шаңғы спорты,суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену жетілдіру;

  • дене қуаты қасиеттерін, кеңестікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті, əрі қарай дамыту.

  • жеке бас гигиенасы, дене тəрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне əсері, өнегелілік жəне жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тəсілдері туралы білім мағұлматтарын беру;

  • негізгі спорт түрлері,жарыстар,снарядтар мен құрал- жабдықтар,сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі жəне жарақат алған кезде бірінші көмек көрсету туралы мағұлматтарды тереңдете оқыту,іскерлік дағдысын қалыптастыру;

  • өзінің дене қуаты мүмкіншіліктерін бағалау білімділігін қалыптастыру;

  • тəртіптілкке, жауапкершілікке, дербестікке, ынталыққа тəрбиелеу;

  • психикалық үдерістідамыту, психикалық өзін-өзі реттеунегіздерін үйрету.

Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойлары ның ұзаруы негізінен аяқтары өсуіне байланысты болып жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады.Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 10-12 жас,ол жастарда қыздар
орташа 7 см.өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың жəне қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің биіктері жылдам өседі.Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді.Көп,жоғары жүктемелерсүйек қатаюларын тездетедіде қол,аяқтың ұзын,ортан жілік сүйектерінің өсуін азайтып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет