Бақылау сұрақтары:
1 Қазақстан Республикасының жер санаттарын атаңыз.
2 Әр жер санаттарына сипаттама беріңіз.
3 Жер алқаптары дегеніміз не және олар қандай екі топқа бөлінеді?
4 Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерге не кіреді?
5 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге не кіреді және оларға сипаттама беріңіз.
6 Өңдеу және шығару өнеркәсібіндегі жердің рөлі.
7 Ауыл шаруашылығындағы жердің рөлі.
8 Жер - өндіріс құралы және оның басқа да өндіріс құралдарынан айырмашылығы.
9 1990-2001 жылдары Қазақстанның жер санаттарындағы елеулі өзгерістер.
Әдебиет:
3, б. 3, 64 – 87; 5, с. 13 – 16; 6, с.5-41; 9, б. 113 – 118; 10,б.10-16.
3 Тақырып Геодезиялық суретке түсіру ұғымы және оның нәтижелерін жерге орналастыру мақсатында пайдалану
Мақсаты: Геодезиялық суретке түсіру, сызықтарды бағдарлау, түсіру түрлері мен тәсілдері жайындағы ұғымдарды оқып білу.
Жоспар:
3. 1 Геодезиялық суретке түсіру ұғымы және оның түрлері мен негізгі принципі
3. 2 Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар мен румбтар
3. 3 Жерге орналастыру үшін жоспарлы-картографиялық материалдарды дайындауда дәлді геодезиялық түсірулерді пайдалану
3. 1 Суретке түсіру деп Жердің кезкелген учаскесін қағазда бейнелеу үшін жүргізілетін далалық геодезиялық жұмыстарды айтады..
Суретке түсірілетін жердің бар әралуандылығы көптеген нүктелерден тұрады, бірақ олардың өзара орналасу жағдайын анықтау мүмкін емес. Сондықтан жергілікті жерді суретке түсіру кезінде көптеген нүктелерден оған тән немесе оның бейнесін толық сипаттайтындарын таңдап алады. Мысалы, кезкелген шаруашылықтың қоршаған шекарасы көп бұрышты болады, оны жоспарда немесе картада бейнелеу үшін түсіру кезінде сызықтардың ұзындығы мен ішкі бұрыштарын анықтаса болады. Жергілікті жердің кезкелген объектісінің қисық сызықты контурын үзілімді сызықтармен ауыстыруға болады, соңынан олардың ұзындығы мен олардың арасындағы бұрыштарды өлшеуге болады. Сонымен, суретке түсіру жұмыстарының әралуандылығы негізінен сызықтар мен бұрыштарды өлшеуге әкеліп түйіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |