Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет5/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

VII Босалқы жер. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.


2.2 Жер учаскелері құнарлығы, нақты жай-күйі және пайдалану жағдайларына қарай бірдей емес. Осыған орай олар нақтылы шаруашылықта пайдалану объектілері – жер алқаптарына бөлінеді.
Жер алқаптары деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған аумақтар саналады.
Жер алқаптары екі үлкен топтарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер алқаптары.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған алқаптарға ормандар, бұталар, батпақтар, жыралар және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға жатады: егістік, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар және жайылымдар.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайданылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және мал жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
1) жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;
2) жеке меншікке немесе жер пайдалануға - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.


2.3 Қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлардың ішінде жер негізгі орын алады.
Жер ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп, көлік және басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуының негізі болып саналады. Адамның өмір сүру және өндірісте іс әрекет ету үшін қажетті материалдық жағдайлар ішінде жер өзінің топырақ жамылғысы, қазбалы байлықтары, ормандары мен суларымен ерекше орын алады. Осыған орай ол кезкелген өндірістік процестің алғышарты және жаратылу негізі.
Жер табиғитарихи дене, еңбектің жалпы шарты және заты, адамның қалауынсыз және санасысыз, қоғамның әсерінсіз пайда болған және қолданылады. Өндіріске тарту барысындағы ондағы процестер кезінде оған тірі және затталған еңбек кіреді, жер өндірістің құралы болады.
Кең мағнада өндіріс құралдарына еңбек процесі жалпы орындалуына қажетті барлық материалдық жағдайлар жатады.
Өндірістің осындай жалпы құралы ретінде жер саналады. Сондықтан жер өндірістің құралы ретінде ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпте және адам еңбек ететін барлық салаларда қызмет етеді.
Дегенмен оның ауыл шаруашылығындағы рөлі басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын өндіріс салаларымен салыстырғанда бірдей емес.
Өңдеу өнеркәсібінде жер пассивтік немесе сылбыр рөлді атқарады, ол еңбек процестері жүретін тек орын, фундамент немесе операциялық кеңістік базисі ретінде саналады. Өндіріс процесі және өңдеу өндірісінің өнімі топырақтың құнарлығына және сипатына, табиғи өсімдіктердің сапасына және жердің өндіріс құралы ретінде басқа да қасиеттеріне байланысты емес.
Пайдалы қазбаларды шығару өндірісінде жердің рөлі артады, мұнда ол операциялық кеңістік базисі ғана емес, сонымен қатар ерекше қойма ретінде қаралады. Бірақ бұл жағдайда да өндіріс процесі топырақтың сапасына байланысты емес.
Ауыл шаруашылығында жердің маңыздылығы әбден басқаша, мұнда ол бұл өндіріс саласының материалдық шарты ғана емес, сонымен қатар өндірістің белсенді факторы болып саналады. Өндіріс процесі жер, топырақ құнарлығы, табиғи, биологиялық процестермен тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығында жер жалпы шарт және операциялық кеңістік базисімен қатар екі функцияны атқарады, ол еңбек заты және өндіріс құралы.
Жер өндірістің түпнұсқалы құралы болып саналады, сондықтан оның басқа да өндіріс құралдарынан өзгеше айрықша белгілері бар. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Жерден басқа барлық өндіріс құралдары адам еңбегінің туындысы, ал жер табиғаттың жаратылысы. Ол табиғаттың сыйы ретінде еңбектің алдын алады және оның табиғи шарты болып саналады. Тек қоғамның өндірістік іс әрекеттері арқасында өндіріс құралы болып қалыптасады. Сондықтан оның қызмет етуі табиғат заңдарына да, қоғамның заңдарына да бағынады. Жерді өндіріс құралы ретінде табиғат кешенінен бөліп қарауға немесе қарсы қоюға болмайды.
2. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды (тракторлар, комбайндар, автомобильдер) әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады, ал жермен бұндай істерді орындауға болмайды.
3. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды, былайша атқанда ол тозбайды. Бұл ерекше құнды қасиет және басқа өндіріс құралдарында байқалмайды.
4. Жер кеңістікте көлем бойынша құрлықпен шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барымсында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет