Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет4/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

III Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері. Жер Кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттқа арналған жер деп танылады.
Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аумақтар жатады.
Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып танылады.
Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аумақтары жатады.
Энергетика жеріне:
1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсетенін басқа да электр станцияларын орналастыру;
2) электр тарату әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелері жатады.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскердің объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі берген жер учаскелері қорғаныс қажеттеріне арналған жер деп танылады.
IV Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреацияилық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың жері жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері мемлекеттік меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерін өзге қажеттерге алып қоюға жол берілмейді.
Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады.
Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демаласы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық жер деп танылады.
Тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылады.
VОрман қорының жері. Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.
Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.
VI Су қорының жері.Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздақтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Бұл жерлер мемлекеттік меншігінде болады.
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су қорының жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешеліндірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін. Бұл жер учаскелері, жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері мен жер пайдалаушыларға қызмет көрсететін су шаруашылығы құрылыстарының жер учаскелері оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет