187
Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар
Азамат пікірінің танылатын орны – пікірталас алаңы. Ол – ой дода
сы, сөз майданы. Мұнда сөз ой қазанында қайнайды, қалыпқа түседі,
өзіндік келбетімен сомдалып танылады. Пікір айтылады, айтылған
пі кір ге қарсы ой туады. Пікір айтқан адам өз пікірін дәлелдеуі тиіс.
Сөз қолданысына байланысты кейбір қағидаларға тоқталайық.
1. Пікірталаста қолданылған сөз бәріне түсінікті болғаны дұрыс.
2.
Сөзді мағынасына, грамматикалық тұлғаларды мақсатқа сай қол
да ну, ойды жеткізу тәсілдерін білу қажет.
3. Мақұлдау мәніндегі сөздер (иә, дұрыс айтасыз, сізбен келісуге бо
ла ды) мен теріске шығару немесе мақұлдату мәніндегі сөздерді
(бі рақ, дегенмен, мына мәселеге назар аударайық) үйлестіре
білген
жөн.
4. Қажет кезде сұраулы сөйлемдерді, қанатты сөздерді орынды қол
да на білу керек.
5. Сөздің дұрыстығы, тазалығы, жатықтығы – ой
айқындығының басты
шарт тары.
6. Сөздің күші қарсыласқа әсер ететіндей болу керек.
7. Берілген уақытты үнемді пайдаланып, тақырыптан ауытқымай,
нақ ты пікір айта білу – қарсыласты сыйлаудың белгісі.
8. Тақырып мазмұнын ашуды басты назарда ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: