Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Өз өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштер туралы шы ғар ма шы лық  жұ мыстың бір түрін (өлең, әң гі ме, ес те лік, шы ғар ма) орындаң дар. 6



Pdf көрінісі
бет112/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

5.
Өз өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштер туралы шы ғар ма шы лық 
жұ мыстың бір түрін (өлең, әң гі ме, ес те лік, шы ғар ма) орындаң дар.
6.
Екі тапсырманың бірін орындаң дар.
1. Не сіп бек Айтұлы ның «Күл те гін нің көк та сы» өле ңін жат таң-
дар.
2. Тақырыпты «Мәңгілік Ел» стратегиясымен байланыс ты
рып, 
эссе жазыңдар. Эссе түрін өздерің таңдаңдар.


188
§7.
 
Мұхтар Әуезов – көркемсөздің
 
хас шебері
Қазіргі шешендік сөздердің сипаты
Қазіргі шешендік сөздердің де, шаршы топтың да сипаты өзгерді:
шешендер білім­ғылым, оқу­ағарту, тәлім­тәрбие, мәдениет­өнер та­
қы рыптарын қозғаған көркемсөз иелері, яғни ақындар мен жазушы лар,
ғалымдар, журналистер болса, тыңдаушы топ – білім­ғылым, оқу­
ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Шешендік өнердің көрінетін
орындары – жиналыс, конференция, съезд, семинар, диспуттар. Ше­
шен дік сөз енді өлеңмен емес, бірыңғай қара сөзбен айтылатын болды.
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап, ше­
шен дік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіз дігі
өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіз дікті,
тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Қа зақ тілі мемлекеттік тіл болып
қабылдануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле баста­
ды. Республикадағы телеарналар мен радиохабарлар қазақ тілінде
жүргізілуде, қазақ баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті.
Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейтті.
1.
Мәтінді оқып, ондағы негізгі 3 дерек, 2 көзқарас, 1 тұжырымды 
анықтаңдар. 
Әуезов дәрістері – әсемдену, өрлеу сағаттары
Шешендік деген не? Шешендік – әшейін ширақ сөйлеу, 
құрғақ пысықтық жасау емес. Шешендік – шексіз білімнен, 
те рең ойдан, асқан парасаттан туатын нәрсе! Әуезов тің ше -
шен дігі ғұлама ғалымдығында жатыр…
Әуезов – кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дей-
тін кі сі лікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол – ұстаз ғана емес, жа зу шы
әрі ғалым және осы үш мамандығының үшеуін де же те мең-
гер ген, үшеуінде де иненің жасуындай осалдық та ныт па ған
үше уін де де алып, күшті. Әуезов феноменінің ерек ше лігі 
осын да жатыр.
Ал осы үш түрлі қасиетінің де сарқып құяр сағасы бі реу, 
ол – әдебиет. Сөз өнері – Әуезовтің бірден-бір және ғұмыр-
лық сти хиясы. Демек, Әуезовтің дәрісін тыңдау – шә кірт 
ат ау лы ның бақы ты. Әуе зовтің әр лекциясы – бір-бір оқу лық, 


189
бар лекциясы – ұлан- ға йыр ұлы мектеп. Әуезов мек тебіндегі 
Әуезов өткізген әр бір екі сағат сабақ – шәкірт ша бы тының 
шалқу, шарықтау ша ғы, пі су, жетілу сәттері.
Әуезовтен екі сағат лекция тыңдаған адам өзінің жа ңа-
ғы – бұ дан екі сағат бұрынғы психологиялық қалпынан
ақыл- ой ма ғы насындағы хал-күйінен кәдімгідей өзгеріп, 
жаң ғы рып, жа ңа рып шығады. Иман тұрғысынан біршама 
«пісе, же ті ле» түседі. Танымы көрер көзге байып шығады. 
Бұл – кере мет ме та морфоза! Осыны түсінген тыңдаушылар 
Әуе зов тің әдет те гі әр лекциясына Алматының әр түкпірінен 
әдейі келіп, рұқсат сұрайды. Әуезовті тың дау – олар үшін 
әсерлену, әсем дену, эмоциялық өрлеу сағат тары. Сон дық тан 
олар Қазақ университе ті не ту ра Меккеге келгендей шұ бы-
рады.
(Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім»
роман-эссесінен)
2.
Мәтінді оқың дар. Әуезовтің шешендік шеберлігінің сырын ашуға 
тырысыңдар.
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы сөз қол да ныс үл -
гі лері – игерілуге тиіс ұлан-ғайыр байлық. Оның ұлы лы ғы 
сол – қазақтың көркемсөз үлгісі нің бар лық қа дір-қасиетін, 
байлығын өз шығармала рын да жан дан ды рып қолдана білген 
және сол қазынаға жаңа сөз үл гі ле рін қосқан.
Алып суреткердің де Абай сияқ ты үш рухани бұлақтан: 
қазақтың шешендік өнерінен, шығыс пен батыс әде бие ті нен 
нәр алғанын атап өт ке ні міз жөн. Осы үш бұлақтан сусында ған 
қаламгер өзінің әлем ге әйгілі «Абай жолы» эпо пеясында 
ше шен дік сөз үлгілерін, шығыс пен ба тыс жа зу шы ларына тән 
сөз ора лым дары мен балама лар ды өте шебер қолдана білген. 
Оның ке йіп керлерінің бәрі дер лік – тілге ше шен, ділмәр, 
озық ойлы жан дар. 
М.Әуезов «Абай жолы» арқылы Еуропа, орыс жазу шы-
ла ры на тән айшықты, анық бала ма ларды қазақ прозасында 
алғаш рет табиғи сіңістіріп, тілі міз дің өз заңдылығына 
ай нал дырып жіберді. Жазушы ның тіл ора лы мы тосын, көзге 
қиындау көрі нетіні, көркем әде биет оқу ға дағ ды ланбаған 
адамға кей рет те ауыр лау тиетіні осын дай со ны лығына бай-
ла нысты.


190
Қаламгер халық аузынан шығып, ауыз әдебиетінде жал-
ға сын тапқан даналық сөздерді «Абай жолы» эпо пея сында 
мейлінше кеңінен қолданды. Бұл кездейсоқ емес. Тегінде, 
халық өкілдерін сөйлетуге шебер Әуезов бұл шығармасында 
дра маларындағы шешендік дәстүрді асқан тапқырлықпен 
жал ғастырған.
Сөзді, сөйлеуді шешен құру шығармада түрліше тәсілдер 
арқылы жүзеге асады. Өмірдегіні өз күйінде көрсету, көрсе-
тіп қана қоймай, оны басқа біреу байқай бермейтін қырынан 
сезіндіру – М.Әуезов тәсіліне тән құбылыс.
Егер Әуезов өзінен бұрынғы әдебиетке місе тұтпай қара-
ған болса, онда туған өнерін жаңа биікке көтерудің орнына 
өзі де құрдымға құлаған болар еді. Барды бағалай білетін 
ба йып тылық қана оны асқар таудың басына алып шықты…
(Рахманқұл Бердібай)
3.
Мәтін нормаларын (мәтін құрылымы, азатжол, мәтін бөліктері, 
та қы рып) сақтап, тө мен де гі су рет тер бой ын ша ше шен дік сөз не 
әң гі ме құ растырың дар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет