212
6.
Жұптарыңның аргументті эссесіне сыни пікір жазыңдар.
1. Эссенің авторы, тақырыбы (1 сөйлем).
2.
Жұмыстың қысқаша мазмұны, өзектілігі (2 сөйлем).
3. Жұмысты оқығаннан алған әсерің (1 сөйлем).
4. Жұмыстың құрылымы, баяндау стилі, дәлдігі, автор ше -
бер лігі (2 сөйлем).
5. Артықшылықтары мен кемшіліктері (2 сөйлем).
6. Сыни пікір берушінің аты-жөні (1 сөйлем).
7.
Дала философтары – қазақ жырауларының толғауларынан алын-
ған үзін ділерді авторларымен сәй кес тен діріңдер. «Табиғат және
эко логия» тақырыбымен байланысын анықтаңдар.
Қазтуған жырау
Айналасын
жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе, таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Бұқар жырау
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынына
бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда!?
Шалкиіз жырау
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы
ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Доспамбет жырау
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр.
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр.
8.
«Табиғат және экология» тақырыбын қорытындылаңдар. Өздеріңе
ұна ған нақыл сөздерді қатыстырып, өлең, әңгіме немесе шығарма
жа зың дар.